{metadescription}
Жаңаөзен: «Кезби» жұмысшылары екі күннен бері ереуілдетіп жатыр
Жаңаөзен: «Кезби» жұмысшылары екі күннен бері ереуілдетіп жатыр

Жаңаөзен: «Кезби» жұмысшылары екі күннен бері ереуілдетіп жатыр

Жаңаөзендегі «Кезби» компаниясының жұмысшылары екі күннен бері тағы ереуілдетіп жатыр. «Қаңтарда жалақыны көтереміз» деген уәде сол күйі орындалмады деген олар жұмысты тоқтатқан.

- 2022 жылдың 1қаңтарынан бастап 12 сағат тарифқа төлесін. 2022 жылдың ұжымдық шарты берілсін! Үшінші «Өзенмұнайгазға» ауыстырылу қаралсын және жалақымыздың 20 пайыз көтерілуін талап етеміз!

300-ге жуық жұмысшы басшылықтың үйіп-төккен уәдесі мүлде орындалмады деп наразы. Сондықтан ұңғымаларда күрделі жөндеумен айналысатындар кешеден бері жұмысын тоқтатып тастаған. Тіпті компания алдына шатыр мен киіз үй тігіп алыпты. Ас-ауқатын сол жерде ішіп, сол жерде түнеп жатыр.

«Кезби» компаниясының басшылығы айтылған талап орындау «Қазмұнайгаздың» құзыретінде дейді. Ал осыған дейін жұмысшыларға уәде берген басшылық ауысып кетіпті.

Айгүл Өтешова, «Кезби» ЖШС атқарушы директоры:

- Жұмыс уақытының 11 сағаттан 12 сағатқа ауысатындығы және жалақының 20 пайызға көтерілетіндігі жайлы ұлттық компанияның бұрынғы басшысы 15 ақпанда болған кездесуде уәде еткен болатын. Алайда ол мәселені де шешу үшін уақыт керек болатын. Одан кейін қазір ұлттық компанияның басшысы ауысты. Ол кісіге де бұл проблемалармен танысу үшін уақыт керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.