{metadescription}
10 сотық: Өтініш беру жеңілдетілген соң еселеп өскен
10 сотық: Өтініш беру жеңілдетілген соң еселеп өскен

10 сотық: Өтініш беру жеңілдетілген соң еселеп өскен

Өтініш беру жеңілдетілген соң еселеп өскен. 10 сотық жердің кезегінде қазір елімізде 1 миллион 300 мыңнан астам азамат тұр. Өтініш беру тәртібі өзгергеннен соң үміттілердің саны да күрт көбейіпті.

Бұрынғыдай қағаз күйінде өтініш жазбай-ақ, қазір электронды үкімет порталы арқылы кезекке тұруға болады. Соңғы екі апта ішінде бұл жүйені 100 мыңға жуық ел азаматы пайдаланып үлгеріпті.

Жалпы 10 сотық жерді алу заңды болғанымен, дәл қазір әр азаматқа үлестіру мүмкін емес деп санайды Сенат спикері. Мәселе жердің жетпегенінде емес  — сапасында. Өйткені құжат бойынша берілетін аумақтың инфрақұрылымы дамыған болуға тиіс. Яғни жарық, жылу, су, жол секілді жайлы тұрмысқа қажеттілің бәрімен қамтылуы қажет. Осы мәселе оң шешімен тапқанда ғана азаматтардың өтінішін орындауға құқылымыз дейді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

- Қазақстан жері жеткілікті, 10 сотық телімнен елдің әр азаматына үлестіруге болады. Меніңше, біз осыған біртебірте келеміз. Дегенмен бұл жер телімдеріне коммуникация тартылуы керек. Ол жерлерде жол, электр жарығы, су, кәріз жүйесі болуға тиіс. Жыл сайын осыған қомақты қаражат бөлінеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондықтан Үкімет жергілікті әкімдіктер кезеңкезеңмен бұл мәселені шешіп, біздің азаматтар жеке тұрғын үй құрылысына қажет жер телімін алады деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде