{metadescription}
​​​​​​​Бала-шағасына, әйеліне қол көтеретін еркектерге енді …
​​​​​​​Бала-шағасына, әйеліне қол көтеретін еркектерге енді …

​​​​​​​Бала-шағасына, әйеліне қол көтеретін еркектерге енді …

Бала-шағасына, әйеліне қол көтеретін еркектерге енді қандай да бір қару алып жүруге тыйым салынады. Учаскелік инспекторларға жәбірленушілердің өтінішінсіз-ақ әрекет етуге құқық берілмек. Ішкі істер министрлігі озбыр отағасынан шаршаған әйелдерді осылай қорғаймыз деп отыр.

Әйтпесе маскүнем, үнемі отбасында ойран салатын қатыгез әкелердің қатары артып барады. Жыл басталғалы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің арызымен 203 қылмыстық іс қозғалған.

- Мен онымен амадасып, танысуға ұсыныс жасадым. Бірақ ол менен бас тартты ...

Өрімдей қыздың «жоқ» деген жауабына қанағаттанбаған жігіт оның аяғынан ұстап, «сындырам» десе керек. Айласын жүзеге асыра алмаған күдікті 16 жастағы жасөспірімді сөйтіп қорқытып, полицейдің қолына түсті. «Зорлайтын ойым болған жоқ» деп ақталған елордалықты тәртіп сақшылары үшінші тәулік дегенде іздеп тапты. 20 жастағы студент кінәсін толық мойындайды.

Ал көшенің ортасында сезімін «ұр-тоқпағы» арқылы білдіргісі келген Жібектің бұрынғы күйеуі 15 тәулікке қамалған. Анасының көзінше экс-жолдасынан таяқ жеген әйел күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылыпты. Экс-күйеуі еркіндікке шыққанда қайтадан жәбір көрсетеді деп қорқады.

Жібек, жәбірленуші:

- Ол қамаудан шыққаннан кейін мені өлтіріп кете ме деп қорқамын. Өміріме тағы қауіп төнсе, қайтемін? Сотта көргенде ол кінәсін мойындағысы да келмеді. Мен оның жұдырығына лайықты екенмін. Сот не себепті 15 күнге ғана қамауға алғанын түсінбеймін.

Құқық қорғаушылар Жібектің экс-күйеуін қылмыстық жазаға тарту үшін ол тағы да бұзықтық жасау керек дегенді алға тартады. Біздегі заң солай екен.

Алексей Милюк, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

- Азаптаудың өзі жүйелі түрде зорлық-зомбылық жасау дегенді білдіреді. Кез келген зорлық-зомбылықтың фактісі, тіпті зорлық-зомбылық қаупі, азаптау ретінде қарастырылуы мүмкін. Яғни кейінгі өтініш қылмыстық заң тұрғысынан қаралатын болады.

Соңғы жылдары саны артқан отбасындағы зорлық-зомбылыққа заң да, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін институттар да қауқарсыз. Оны министрлік те мойындайды.

Әсет Оспанов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:

- Осы мәселе өте күрделі мәселе. Тарихтан да қарасақ та, қанша қоғам бар, адам бар. Соншама қылмыс келе жатыр. қаншама отбасы бар, соншама тұрмыстық зорлық-зомбылық болып жатыр. Мен сізге айтайын, әлемде ең дамыған мемлекеттерде бұл проблеманы мүлдем шешудің жолы табылған жоқ.

Жыл басынан бері түрлі оқиға, жанұядағы жанжалдың құрбандарының құқын қорғау үшін 203 қылмыстық іс қозғалса, оның 54 пайызы күйеуінен қорлық көретін келіншектер екен. Ал күші тасып тұратын ерлер қауымының әлеуметтік портреті мынадай.

Әсет Оспанов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:

Көбінесе 3035-тен 45 жасқа дейінгі ер-азаматтар. Жұмыссыз және алкогольдік ішімдіктерге бейім жігіттер.

Әйелге ғана әлі жететін еркектерге ішкі істер министрлігі тағы жазаны қатаңдатуы мүмкін. Енді бала-шағасы, кәрі ата-анасына жәбір көрсеткендерге алкоголь ішуге, психотроптық зат қолдануға тыйым салынады, қару-жараққа жақындамауы тиіс. Сондай-ақ әйел тергеушілердің саны артып, учаскелік полиция инспекторларына жәбірленушінің өтінішінсіз-ақ қорғау құқығы берілуі мүмкін.

Әзірге айтылған жаңашылдықтар әкімшілік полиция комитетіндегілердің жоспары ғана. Өйткені тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қазір қаралып жатқан жоқ. Мәжіліс депутаттарынан бұл туралы толық ақпарат алып көрмек болдық, олар еш жұмыс қолға алынбаған соң, бізге ешнәрсе айта алмайтынын хабарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде