{metadescription}
Мектеп дәретханасы мәселесі толық шешіліпті
Мектеп дәретханасы мәселесі толық шешіліпті

Мектеп дәретханасы мәселесі толық шешіліпті

Жаңа оқу жылынан бастап балалар даладағы дәретханаға жүгірмейтін болады. Білім министрі бұл мәселені толық шешкенін айтты. Қазір елде әжетханасы сыртта орналасқан 50 мектеп қана қалған.

Көбіне дәретхана мәселесі орталық кәріз жүйесіне қосылмаған, суы тартылмаған алыс ауылдарда. Шалғайда орналасқан мектептерде қалдық төгетін полигондар да жоқ дейді министр Аймағамбетов. Ал 50 мектептің мәселесін жергілікті әкімдіктер өз мойнына алып, жаңа оқу жылына дейін шешіп береміз деп уәде беріпті.

Министрлік мектептердегі дәретхананы ғимарат ішіне кіргізуге екі жыл бұрын шұғыл кіріскен. Оған бірнеше шулы оқиға себеп. Соңғы жылдары даладағы дәретхана астында қалып, көз жұму, педофилдің құрбаны болуы сияқты жантүршігер жайттар көбейіп кеткен-ді. Елдегі 7 жарым мың мектепке тексеру жүргізгенде әжетхананың барлығы оқушылардың әжетіне жарамай тұрғаны анықталған. Министр мұндай көзбояушылықпен бірлесе күресуге шақырды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Балалар құқығын қорғау комитеті үкіметтік емес ұйымдармен бірге сенім телефонын іске қосады. Балаларға  ыңғайлы болуы үшін Whatsapp және Telegram каналында болады. Оған балалар, атааналар және мұғалімдер фотосурет жібере алады. Тиісінше, санитария-эпидемиологиялық қызмет пен біздің комитет осындай бұзушылықтар болған жағдайда бақылау жасайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде