Жамбыл облысында үйірмелер мен спорт секциялары қаражатсыз қалған
Жамбыл облысында түрлі шығармашылық үйірме мен спорт секцияларының басшылары бас көтерді. Олар мемлекеттен бөлінетін қаражаттың тоқтап қалғанына наразы. Соның кесірінен кәсіптері тұралап қалған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
21.04.2022
Аягөз Қарабаева, би үйірмесінің жетекшісі:
- Үйірмем қазір өте қиын жағдайда. Өйткені жалға берушім төлей алмай отыр. Бисермен тоқу, би, басқасы бар, қаншама баланың тағдырын сындырып отырсыздыр. Арасында қаншама болашақ жұлдыздар бар.
Бүгін 60-қа тарта үйірме жетекшілері мен спорт секция жетекшілері облыс әкімдігі алдында айғаға басты. Олар төрт айдан бері үкіметтен бөлінуге тиіс қаражаттың тоқтап қалғанына наразы. Ақша бөлінбеген соң бизнес те тоқтап қалған. Бұл жағдай ата-аналарға да оңай соқпайын деп тұр. Өйткені тегін үйірмелер енді ақылы болуы мүмкін. Ал, шенділер «АРТ спорт» бағдарламасына қазынадан 500 миллион теңге бөлінгенін айтады. Бірақ бала санының көптігінен ақша екі айда таусылған. Енді қаржы көзін қарастырып жатыр . Дегенмен атқамінерлер бұл істі жан-жақты тексеріп барып ақша бөлу керек дейді. Өйткені кей кәсіпкерлердің қитұрқы деректері анықталған. Яғни пысықайлар есепте жоқ балаға да ақша алып отырған. Енді бұл мәселе иұқият қаралатын болды.
Нұрбол Жүнісбеков, Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
- Қазір бастықтың тапсырмасымен зерделеу жүргізіледі. Біз тексермеген себебіміз, заңда біздің тарапымыздан тексеру құзыреті жоқ. Сондықтан тексере алмаймыз. Облыс басшысы өзі тапсырма берді, осы екі аптада белсенділер мен біздің арамыздан топ құрылып, екі аптада нақты шешімін айтатын боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!