Өскеменде астыртын цехта арақ-шараптың түр-түрін жасаған
Өскеменде алкоголь өнімдерін қолдан құйған жасырын цех анықталды. Оңай олжаны көздегендер арақ-шараптың түр-түрін жасаған.
Автор: Ұлан Нұразхмет
21.04.2022
Астыртын цехты тінткен кезде 15 мыңнан астам дайын өнім, 500 литр спирт, 4 мың бос шөлмек пен қажет құрылғы табылды. Қолдан құйылған арақ пен коньяктар сараптамаға жіберілді.
Күдіктілердің астыртын жолмен жасалған ішімдіктерді кімдерге саудалағаны анықталып жатыр.
Асхат Жібітаев, ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
- Бұл жерде айта кететін бір мәселе, спирттік өнімдерді өндіруде аталған тұлғалар санитарлық және техникалық талапты сақтамаған. Жәй тілмен айтқанда, сапасыз жасалып халыққа таратылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!