Ақтөбе: Жаңақоныс-4 ауылына газ бен су құбыры тартылмаған
Ақтөбе шетіндегі ауыл тұрғындары шаңырағына қоныстана алмай отыр. Жаңақоныс-4 елдімекеніне неше жылдан бері газ бен су құбыры тартылмаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.04.2022
Ауыл ортасынан қазып берген құдықтан лай су ағып жатыр. Оны ішпек түгілі, үй шаруасына қолдануға да жарамайды. Шенеуніктер биыл тек газ мәселесін шешуге уәде етті. Ал су құбырын тартуға әзір қаржы жоқ дейді.
Ақтөбе шетіндегі Жаңақоныс-4 ауылының аты затына сай болмай тұр. Құрылғанына бес жыл болған елдімекенге тұрғындар қоныстана алмай жүр. Баспаналарын тұрғызып бар шаруасын реттегенімен, ең бастысы, су мен газ жоқ. Былтыр жергілікті әкімдіктің ауыл ортасынан қазып берген құдығынан бір жыл бойы лай су ағып тұр. Оны ішпек түгілі, кір-қоңын жууға да жарамайды.
Асылхан Ізтілеуов, Жаңақоныс-4 ауылының тұрғыны:
- Мына суды Жаңақонысқа былтыр қазып берген әкімдік. Бірекі айдан кейін тазарады, ішуге келеді деп уәде берген. пайтқан. Бірақ бір жылдан асты, бұл судың тазармады. Сап-сары, ішуге келмейді. Суды біз қаладан тасып отырмыз.
Жаңақоныс-4 ауылында қазір бес жүзге жуық үй салынып тұр. Бірақ тұрғындар су мен газдың жоқтығынан баспанасына қоныстана алмай жүр. Тек он шақты отбасы ғана амалдың жоқтығынан қыстап шыққан. Жыл сайын шенеуніктердің беретін уәдесінен шаршаған тұрғындар қала әкімдігіне жиналды. Олар мәселені шұғыл шешіп беруді талап етуде.
Жәния Ерниязова, Жаңақоныс-4 ауылының тұрғыны:
- Иә, газ жоқ, су да жоқ. Ауыз су, кәдімгі ішетін су. Не жол жоқ. Дұрыс емес. Әркім өз хәлқадірінше қыстап шықты. Бір жыл қыстап шықтым. От жақтым. Тіршілік тіршілік емес. Сөз берді, “болады” деді. Әлі жоқ.
Әкімдіктегілер жақында Жаңақонысқа газ құбыры тартылып, қысқа дейін бәрін қатырып береміз деп сендірді. Ол үшін республикалық қазынадан 290 миллион ақша бөлініп, тендері де жүргізілген екен.
Байтұрсын Өксікбаев, Ақтөбе қаласы ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Халыққа желтоқсанға дейін, бұйырса, газ береміз. Осы жылы. Енді бәріңізге белгілі, қардың кеткеніне, міне, 1015 күн болды. Қазір материал алып жатыр. Мамырға дейін жұмыс толық басталады.
Газ құбырын реттегенімен, шенеуніктер Жаңақоныс-4 ауылын ауыз сумен қашан жарылқайтынын нақты айта алмайды. Елдімекен маңайындағы жер асты су қорын зерттеу қажет деп отыр. Оған энергетика басқармасының қашан кірісетіні де белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!