{metadescription}
Павлодарда 200 миллионға жөнделген мектеп өртеніп кетті
Павлодарда 200 миллионға жөнделген мектеп өртеніп кетті

Павлодарда 200 миллионға жөнделген мектеп өртеніп кетті

Павлодарда тағы бір мектеп өртенді. Апта басында ғана осындай білім ошағы отқа оранған еді. Бұл жолы тілсіз жау 1300 шаршы метр аумаққа таралып үлгерген. От тұтанғанда оны өшірмек болған бір мұғалім ыстан уланып ауруханада жатыр.

Ал мектептегі жиһаз атаулы енді жарамсыз. Оқушылар қалған сабақты енді қашықтан оқиды. Бұл білім ошағы екі жыл бұрын ғана бақандай 200 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткен.

Оқушылар таңертең партаға отырып үлгермей жатып, кабинеттердің бірі жана бастаған. 600 адам дереу қауіпсіз жерге шығарылды. Ілезде күш алған жалын әп-сәтте 1300 шаршы метр аумақты шарпып үлгерді. Мектеп жиһазы, шатыры түгел өртеніп кетті.

Қайрат Шәймерденов, Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Өрт аса қатты болып, жан жағына тез тарады. Оның үстіне жағдайды кеш байқаған. Өршіген өртті ауыздықтауға жеке құрам көтерілді. Бар күшімізді толық іске қостық. Мектеп шатырына көбіктендіргіш шашып өртті сөндірдік.

Өрт физика кабинетінен тұтаныпты. Бұрқ еткен түтінді байқаған мұғалім бірден күзетшіге хабар берген. Ұстаздар өзі сөндірмек болыпты. Осы кезде физика мұғалімі ыстан уланып ауруханаға жөнелтілген.

Гүлмира Мантықова, Павлодар қаласы №28 мектептің директоры:

- Бірінші сабақ басталуға екі минут қалғанда физика мұғалімі жүгіріп келіп, кабинеті жана бастағанын айтты. Осы кезде өрт дабылы іске қосылды. Дене шынықтыру мұғалімдері солай қарай тұра жүгірді. Олар өртсөндіргіш баллонын іске қосып сөндірмек болып әрекеттеніп еді, мүмкін болмады.

Зардап шеккен ұстаздың жағдайы орташа. Барокамерада жатыр. Ал отқа оранған мектеп екі жыл бұрын ғана 200 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткен. Бір апта бұрын Павлодардағы тағы бір білім ошағы өртенген еді. Балалар қауіпсіздігін сақтау үшін енді білім ошақтары жаппай тексерілетін болды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Бұл мектептерде болып жатқан бірінші жағдай емес.Қазір жаппай білім беру ғимараттарының өрт қауіпсіздігін тексеруге тапсырма берілді. Жаңа мектепті пайдалануға қабылдағанда,жөндеуден кейін де, тіпті әрбір жаңа оқу жылы алдында тексерілген актісі міндетті түрде болуы тиіс.

Құзырлы органдар өрттің шығу себебін анықтағанша, оқушылар қашықтан оқитын болады. Ал мектеп ғимараты жарамсыз деп танылса, әкімдік балаларға ыңғайлы жерден басқа нысан қарастырады - дейді білім министрі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.