Кәрім Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды
Кәрім Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілікті. Бірер күн бұрын генералдың Қордайда ұсталғаны жөнінде ақпарат тарағанымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оны ресми растамаған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
22.04.2022
Генерал-майор Мәсімовті қамауға алу туралы тергеу соты тек сырттай шешім шығарды. Қай жаққа бас сауғалап кеткені жөнінде әзірге құзырлы органның мәліметі жоқ.
Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі. Кәрім Мәсімовтің өзі бірнеше орынбасарымен қазір қамауда отыр.
Ал 48 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен қаңтар оқиғасынан соң босатылған еді. Полиция департаментін ол үш жылдай басқарған. Генералдың параның кімнен, қанша алғанын Антикор ашып айтқан жоқ. Дегенмен бейресми ақпаратқа қарағанда, Мәсімов әртүрлі қызметіне 148 миллион теңге ауызбастырық алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!