{metadescription}
Маңғыстау облысында оқу-жаттығуға қатысқан сарбаздарға ақы төленбеген
Маңғыстау облысында оқу-жаттығуға қатысқан сарбаздарға ақы төленбеген

Маңғыстау облысында оқу-жаттығуға қатысқан сарбаздарға ақы төленбеген

Маңғыстау облысында 100-ге жуық запастағы жауынгер шу шығарды. «Батыл тойтарыс 2022» оқу-жаттығуына қатысқан сарбаздарға тиісті ақы төленбеген. Тіпті бес күнге жоспарланған жаттығу екі аптаға созылған. Бірақ 12 күн бойы әскери полигонда ботқа мен қара шай ішкендер екі-үш есе аз ақша алуға қарсы.

Ал запастағы жауынгерлерді әр ауылдан шақыртқан әскери комиссариат пен әкімдік бұл мәселеден мүлдем хабарсыз екен. Тіпті ешкімге ешқандай уәде бермедік деп ақталуда.

Шалғайдағы ауыл, аудандардан келген запастағы жауынгерлер әскерилер мен әкімдік алдап соқты деп ашулы. Айтуларынша оларды ауылындағы әскери комиссариат бес күн оқу-жаттығуға жіберіп, 80 мың теңге көлемінде ақша төленеді деген. Тіпті жұмысы барды уақытша босатыпты да. Алайда запастағы жауынгерлер арнайы әскери жаттығудың он екі күнге созылатынын полигонға келгенде бірақ біліпті. Төлейтін сомасы да уәде етілген ақшадан екі есе аз дейді жиналғандар.

Ерлан Бітімбаев:

- Үш күн, бес күн болады. Соған 80100 мың теңге берілейін деп жатыр деді. Сосын жұмыс орны қалай болады деп едік, «жұмыс орны да төлейді, мына жақтан да ақша беріледі» деді.Таңертең 6:00-де тұрамыз, кеште қайтып келеміз. Су сап-сары, армия, жейтін тамақ, жағдай жоқ, нөл. 90 мың айына аламын ба, соның үштен бірін беріп тұр 30 мың теңге, 12 күнге. 

Жауынгерлердің айтуынша, ұйымдастырушылар жуынатын сабын, тіс пастасының өзін оқу-жаттығу бітетін кезде бірақ беріпті. Одан қалса басы ауырып, балтыры сыздағандарға да медициналық көмек көрсетілмеген. Ал мұндай жағдай ұнамайтынын айтқандарды қорқытып-үркітуге дейін барды дейді жиналғандар. 

Бекжан Коляев:

- Бес күнге деп жіберді. Он күн екенін естігенде ата-анамызға хабарласып, «қарсы шықты, жалғыз сенің балаң қарсы шығып жатыр,  біз оны соттатамыз, үш миллион айыппұл  салдырамыз» деген. Менің әкеме-шешеме, сосын әкемнің ағасына дейін телефон соққан.

Ал әскерилер аталған мәселеден «хабарсызбыз» деп отыр. Тіпті жауынгерлерге ешқандай уәде бермедік дейді. Әкімдік өкілдері әу баста әскерилерге талап толық түсіндірілген деп міз бақпай отыр.

Ғалым Андалиев, Маңғыстау облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы:

- Ешкімге уәде берген жоқпыз. Әкімдік ешкімге мынадай күнге барасыңдар деп, уақытын көрсетіп берді, 11-і  мен 22-сі аралығында деп. Жұмыс орны беретін айлығы бар ғой, сол бойынша, яғни бір айға алатын жалақыны 30 күнге бөліп, соның 12 күнінің ақшасын төлейді. Мынадай сома деп белгіленген сома жоқ. Ең төменгісі, жұмыс істемейтіндерге қазіргі 60 мың төменгі көрсеткіш, соның 12 күнге арналған сомасы төленеді.

Басқарма басшысы оқу-жиынға қатысқандардың ақшасы мамыр айында төленеді деді. Ал наразылардың мәселесі бойынша ертең жиналыс өткізіп, тиісті органдарға жеткізетінін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде