{metadescription}
Петропавл: Әйелін жерлеген еркек үйінде өртеніп кетті
Петропавл: Әйелін жерлеген еркек үйінде өртеніп кетті

Петропавл: Әйелін жерлеген еркек үйінде өртеніп кетті

Петропавлда өртенген жер үйдің шаңырағы ортасына түсті. Оның үстіне өртке оранған үйге өрт сөндірушілер келіп жеткенше, газ баллоны жарылған. Оқиға орнында 60 жастағы үй иесі ажал құшты.

Қайғылы жағдай кеше кешкісін болған. Халық аузында «КосогОр» шағын ауданы атанып кеткен аумақтағы лапылдаған өрттің беті қатты болғаны сонша, ол бірнеше шақырымнан көрініп тұрған. От бірден қатар орналасқан төрт бірдей құрылысқа жайылған. Өрт сөндірушілер алт минутта келіп жеткеннің өзінде үш ағаш үй мен монша лаулап жанып кетті. Куәгерлердің айтуынша, үйлердің бірінде газ баллоны жарылған. Өрт сөндірілген соң күйіп қалған 60 жастағы азаматтың денесі табылған. Көршілері  оның осыдан бес күн бұрын әйелін жерлегенін айтады. Өрт сол үйден шыққан.

Болат Жұмажанов, Петропавл қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

- Өрт сөндіруге қатты соққан жел кедергі келтірді. Оның үстіне үйлер  бірбіріне тым жақын орналасқан. От бірден шатырларға тиіп үдеп кетті. Міне, түк қалмай күйіп кеткен ортадағы үйде басталды өрт. Арасында тіпті екі метрлік орын жоқ. Сығылыстырып сала берген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.