{metadescription}
​​​​​​​Құрылыс дүкені елорда тұрғындарының ақшасын алып алдап кеткен
​​​​​​​Құрылыс дүкені елорда тұрғындарының ақшасын алып алдап кеткен

​​​​​​​Құрылыс дүкені елорда тұрғындарының ақшасын алып алдап кеткен

Ақшасын алып алдап кеткен. Елордада бір топ тұрғын құрылыс дүкеніне шағымданды. Сатушылар уәде еткен уақытта тауар жеткізбеген. Артынша ізін суытып, өздері де ұстатпай кетіпті. Дүкен басшылығы бұл жағдайдан бейхабармыз, ол қызметкерлер өзімізді де алдап-соқты деп ақталды.

Азаматтар ұжымдағы мұндай былықты “қалай білмей қалуға болады” деп ашулы. Мәселенің ақ-қарасын анықтауға Елдос Есенбол тырысып көрді.

Жөндеу жүргізбек болған бір топ елордалық тұрғын дәл жиһаз дүкеніне келіп сауда жасаған. Қалағанын таңдап, қаржысын санап берген. Бірақ уақыт өткен соң не ақша, не жиһазымызды ала алмай қалдық деп сан соғып отыр.

“Әбден алдандық” деген азаматтар әділдігін дауламаққа бүгін тағы келіпті. Бұл олардың соңғы бір айда әдетке айналдырған жұмысы. Ақиқатына жете алмай жүрміз деп ашулы олар. Елорданың орталығында орналасқан сауда орны болғаннан соң еш күмән келтірмепті.

Қатира:

- Менен сұрадықашан түсқағаз жабыстырасыз” деп. ... Уақыт бар бір айдай дейдім. “Асықпай нетіңіз” деп. Со кезде ақшаны айландырып алайын деді ме … Мен төлеген кезде чек сұрадым, шарт неге жасамаймыз дедім. Жүз пайыз төлем деді. Сосын тапсырыс берсем, алғыақы да беретін. “Жоқ, бізде жүз пайыз деді.

Осылайша сатушының айтқанына иланып 790 мың теңгесін ұстатата салған. Бірақ ешқандай келісімшарт жоқ, қазына чегі деберілмепті. Кейін шекарада тауар тұрып қалды деп алдарқатса, артынша тіпті із суытқан. Дәл осындай сан соғып қалғандардың саны жиырмаға жуық. “Жалпы шығынымыз 30 миллионға таяп қалды” дейді алданғандар. Сатушылар алдап-арбап, тіпті айтарлықтай жеңілдік ұсынып баураған. Бірақ, кейін...

Әсем:

- Тапсырыс бергеннен кейін қайта хабарласып, тағы қажеттіліктерді қосайын дегенмін. Ар жағында менен тапсырыс қабылдаған Айман деген сатушы жылап тұр. “Сіздің ақшаңызды Лото клубта жұмсап жібердік деді. Басшылық мұндай жұмысшылар үшін жауап беруі керек деп ойлаймын.

Ал дүкен иесі бар бәле осында жұмыс істеген екі менеджерден келді дейді. Кәсіпкердің айтуынша, азаматтар даулаған ақшаның бір тиыны да дүкен қазынасына түспепті. Басшының өзі ұжымдағы мұндай былықтан бейхабар болдым деп отыр. 

Жанат Садықова, кәсіпкер:

- Осында менеджерлер жұмыс істеген. Қазір олар жұмыстан қуылды. Наурыздың соңынан бері бізде жұмыс істемейді. Олар тұтынушыларды алдап соққан. Алаяқтық жасаған. Жалған құжат жасап азаматтардан ақша алған. Мен бұл жағдайды білген кезде дереу олардың үстінен арыз жаздым.

Қазір істің ақ-қарасын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Басшылық кінәлаған екі сатушы ұсталып, ешқайда шықпау туралы қолхат жазыпты. Бірақ олардың біреуіне ғана іс қозғалған. Қол астындағылардың жұмысын салғырт бақылағаны үшін басшы да жауапқа тартылсын дейді алданғандар.

Алданған тұрғындар енді Бас прокуратураға арыз дайындауда. Ал дүкен жұмысын жалғастырып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.