{metadescription}
Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген неге қамауға алынды
Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген неге қамауға алынды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген неге қамауға алынды

Алматыда мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген қамауға алынды. Белгілі кәсіпкер қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмгелдиевпен бірге қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деп күдікке ілінген. Сол кезде депутаттың «Дикий Арманмен» бірге әкімдік алдында жүрген видеосы тараған. Жұмагелдиев үш  айдан аса тергеу абақтысында отыр. 

Қаңтар оқиғасынан кейін куәгер ретінде жауап беріп жүрген Қайрат Құдайберген күдіктіге айналды. Алматы қалалық мәслихатының депутаты көлігімен алаңсыз кетіп бара жатқан жерінен тәртіп сақшылары тоқтатып уақытша ұстау изоляторына жеткізген. Танымал бизнесменге «жаппай тәріпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты» деген айып тағылды.

Бауыржан Төлендинов, Алматы қаласы прокуратурасының өкілі:

Алдын ала тергеумен анықталғаны Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен бірге қонақ үйде адамдар жинап, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырған. Сонымен қатар адамдарды топқа бөліп, қолына ақ таңғыштарды тағуға нұсаулық бергені анықталды. Құдайберген мен Жұмагелдиевтің заңға қарсы акциясы зорлықзомбылық пен түрлі дене жарақаттарын келтіретін жаппай төбелеске ұласты.

Тергеу мәліметінше қаңтардағы митингте белгілі кәсіпкер «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге бір топ адамды жинап билікке қарсы үндеген. Осылайша жиынның соңы бейберекетсіздікке ұласыпты. Арқаланған Қайрат Құдайбергеннің «Аллаху акбар» деп тәкбір айтқаны оның қылмыс әлемінің серкесімен ым-жымы бір екенінің көрінісі дейді құзырлы орган өкілдері.

- Қару тонап жүр. Оған жол бермейік. Еліміз бір болсын. Тәкбір. Аллаху акбар  … 

Арман Жұмагелдиев пен қылмыстық топтың басқа да мүшелері ұсталғанда мәслихат депуататы әлеуметтік желіде оның мақтауын асырып, тіпті батырға теңеген еді. «Дикий Арманмен» алғаш рет алаңда кездесіп, бірлесіп жастарға «қаламыздың астаң-кестеңін шығармайық» деп тоқтау айтқанын жазған болатын. Енді сол өзі айтқан «намысты» деген жігіттермен бірге темір торға қамалды. Бұл жайсыз хабар Құдайбергеннің анасына төбесіне жай түскендей әсер етіпті. Бибігүл Қабдолдина баламның ешқандай жазығы жоқ деп шыр-пыр.

Бибігүл Қабдолдина, Қ. Құдайбергеннің анасы:

- Ол алаңда “ұрмаңдар, соқпаңдар” деп жүрді. Менің балам 100 баланы жинап, сарбаздарды өз қолымен үйіне таратты. Сол жерге «Дикий Арман» да келген. Қайрат, сізбен бірге кіруге бола ма?” деді. Сол кезде бірінші рет көрді. Онымен сыбайлас болса, баяғыдан аты шығатын еді ғой. 

Өткен айда Бас прокуратура "Дикий Арманның" жақтастары жаппай тәртіпсіздік кезінде көшеде кетіп бара жатқан 24 адамды ұрлап, күштеп ұстағанын және ұрып-соққанын мәлімдеген еді. Құзырлы орган ауыр соққыдан бір адамның қаза тапқанын да айтқан. Бұл қылмыстарға Қайрат Құдайбергеннің қаншалықты қатысы бар-жоғы тергеуде анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде