Экологтар тағы бір қоғамдық қозғалыс құрды – «Жер-Ана»
«Табиғатты қорғауды өзімізден бастайық». Отандық экологтар «Жер-Ана» деп аталатын тағы бір қоғамдық қозғалыс құрды. Табиғат жанашырлары мәселені сөзбен емес, іспен шешуге әрекет етеміз деп сендіріп отыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
25.04.2022
Елдегі қордаланған экологиялық түйткілдерді шешу мақсатында бүгінге дейін 400-ге жуық қоғамдық ұйым құрылыпты. Дегенмен олардың біреуінің де үні билікке жетпей келген. Ал бұл бастама сол олқылықтың орнын толтырады деп сендірді жоба жетекшісі. Оған бірнеше қадам да қарастырыпты. Айтуларынша, алдымен жасыл құрылыс технологиясына көп мән берілуі керек. Әлеуметтік маңызы бар нысандар, мектеп, балабақшалар экологиялық материалдардан салынып, айналасы жасыл желекпен безендірілуі шарт. Экологиялық кодекске көңілі толмайтынын айтқан жаңа қозғалыс өкілдері енді оған өзгерту енгізуді сұрамақ.
Сапаркүл Рабаева, «Жер-Ана» экологиялық қоғамдық қозғалысын құру тобының жетекшісі:
- Қозғалыстың негізгі мақсаттарының бірі – экологиялық гигиена мәселесіне көп көңіл бөліп, балабақшадан бастап, жастарымызға экология мәдениетін қалыптастыру. Негізгі қадамның бірі – жыл сайын өтетін экологтардың бас қосуымен құрылтай өткізуді ұсынып отырмыз. Еліміздегі экологиялық түрлі тақырыпқа сәйкес ісшара ұйымдастыру жоспарымызда бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!