{metadescription}
Қымбат үш көлігін ұсынған Қайрат Құдайберген бәрібір қамалды
Қымбат үш көлігін ұсынған Қайрат Құдайберген бәрібір қамалды

Қымбат үш көлігін ұсынған Қайрат Құдайберген бәрібір қамалды

Қымбат үш көлігін ұсынғанымен, бәрібір қамалды. Депутат Қайрат Құдайбергеннің адвокаты оны бір айға жапқан тергеу соты кепіл сомасына келіспегенін айтады. Қымбат үш көлігімен қоса, Қайраттың жақындары зәулім үйді де кепілге қоюға дайын болған.

Мұратқожа Әмитов, Қ.Құдайбергеннің адвокаты:

- Істі өз өндірісіне алғаны туралы, істің қозғалғаны туралы сондай қаулылардан басқа еш дәлелдеме тіркелмеген де.Бас бостандығынан айырудан басқа бұлтартпау шарасын қолданыңыз деп сұрадық, кепіл немесе үй қамақ, жоқ, оны бас бостандығынан ауыру туралы қаулы шығарды.

Тергеу сотының қаулысына көңілі толмаған Қайрат Құдайбергеннің адвокаты енді қалалық сотқа шағымданбақ. Олар бес күннің ішінде шағымды қанағаттандырса, қаулының күші жойылады.

Мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастарды және оған қатысты деген күдікке ілікті. «Дикий Арманмен» бірігіп әрекет етті деген болжам да бар. Кеше Алматы қаласының тергеу соты Қайрат Құдайбергенді бір ай қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Абай Жарылқасын, Алматы қаласы сотының ресми өкілі:

- Алматы қаласының тергеу сотының қалуысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Аталмыш азаматқа қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 30 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде