{metadescription}
Ақтөбеде мембағдарламамен салынып жатқан үй құрылысы тоқтады – жалақы жоқ
Ақтөбеде мембағдарламамен салынып жатқан үй құрылысы тоқтады – жалақы жоқ

Ақтөбеде мембағдарламамен салынып жатқан үй құрылысы тоқтады – жалақы жоқ

Ақтөбеде жалақысын даулаған құрылысшылар жұмысқа шықпай қойды. Енді мемлекттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйдің құрылысы тоқтап тұр. «Жаңа жылдан бері жалақымыз жөнді төленбей, қарызға белшемізден баттық»,- дейді жұмысшылар.

Жасұлан Қалжанов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Шыдамның да шегі бар ғой, қанша дегенмен. Балашаға бар. Комқызмет төлейтін ақша ешкімде жоқ. Бәрінде сол проблема. Медицина сақтандыруы бар.  Ауырып қалсақ дәрігерге де қарала алмаймыз.  

Ақтөбеде пәтер кезегінде тұрғандарға тоғыз қабатты бес үй салынып жатыр. Құрылысты жергілікті «Ақтөбе сәулет» компаниясы мойнына алған. Бірақ бүгін құрылыс алаңы жым-жырт. 100-ден аса жұмысшысы: «Айлығымыз қолға тимейінше, бір кірпіш те қаланбайды» - деп отыр. Барлығы маңдай термен тапқан ақшасын сұрай-сұрай шаршаған. Ал құрылыс компаниясының басшылары жалақыны осы аптада төлеуге уәде берді. Үй салуға тапсырыс берген әкімдік ақшаны кеш аударып жатыр

Арнұр Ахмади, «Ақтөбе-сәулет» ЖШС атқарушы директоры:

- Қаржыландыратын облыс мәслихаты, қала мәслихаты, соны күтіп отырмыз. Енді бәрі шешілді. Осы жетіде береміз деп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде