{metadescription}
«Жаңғыртылған ауыл» деп тізбектеген министрге депутаттар өре түрегелді
«Жаңғыртылған ауыл» деп тізбектеген министрге депутаттар өре түрегелді

«Жаңғыртылған ауыл» деп тізбектеген министрге депутаттар өре түрегелді

Үкімет ауылды дамытуға 140 миллиард теңге жұмсайды. Қаражат сумен қамту, білім беру және денсаулық сақтау саласының күрделі мәселелерін шешуге жұмсалады дейді ұлттық экономика министрі. Бірақ Әлібек Қуантыровтың бұл сөзіне депутаттар сенген жоқ.

Мәжілісмендердің пікірінше, ауылда бір-ақ рет болған шенеуніктің «Ауыл –  ел бесігі» жобасын алып кетуі екіталай. Ауылдың мәселесі айтылған Мәжілістің бүгінгі жиынында не айтылды?   

Үкімет сағатына келген Әлібек Қуантыровтың баяндамасы оптимизмге толы. Жасалған жол, жаңғыртылған ауыл, тартылған суды тізбектеп бастағаны сол еді депутаттар өре түрегелді. Өйткені өткен үш жылда «Ауыл – ел бесігі» жобасының 20 пайызы ғана іске асырылған. Жоспардың көбі қағаз жүзінде қалған. Мәжілісмендер «шынын айтам» деп сырын да айта жаздады.

Павел Казанцев, Мәжіліс депутаты:

- Бөтелкесіз түк ұқпайсың. Бөтелкеге әлі жете қойғанымыз жоқ. Сондықтан ұғынықсыз күйде қалды.   

Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасына 140 миллиардқа жуық қаржы бөлінеді. «Ол: мектеп пен аурухана, мәдениет үйлері, спорт нысандарын салу, қайта жаңғырту және жөндеуге жұмсалады», - дейді министр. Бірақ бұған депутаттар сенбеді.  

Ерлан Сайыров, Мәжіліс депутаты:

- Министр мырза айтты: «600ден астам ауылдың 500-ден астамы асфальт» деп. Цифрларды айтқанда абай болу керек. Біз ауылдарға барамыз, шекаралық ауылдарда асфальт төселген ауылды мен өзім әзір көрген жоқпын. 

Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты:

- «Ауылдың 93 пайызы сумен қамтылған» дейді. Мен Маңғыстау, Түркістан, Павлодар, Алматы облыстарында болдым. Бәрінде су мәселесі шешілмеген. Жарықпен қамту әлсіз. Ауыл тұрғындары батпақ кешіп жүр. Жол жоқ. Ғаламтор жоқ, жұмыссыздық көп. Мектеп, медпунктердің ғимараты құлап жатыр.

Қазір Қазақстанда 6 мыңнан астам ауылды елдімекен бар. Оларда жеті миллионнан астам адам тұрады. Елдің үштен бір бөлігі – ауыл. Үкіметтің заман көшінен кеш қалмасын деп, барын салып жүгінгені содан. Былтыр «Ауыл – ел бесігі» жобасына 126 миллиард бөлінсе, биыл бюджет айтарлықтай өскен. Солай болғанның өзінде  ауыл тұрғындарының мәселесі қордалана түспесе, азаймаған. Ауылға табаны бір рет тиген министр «гүлдендіреміз» деп сенімді отыр.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Бір ауылға бардым. Қостанай облысына, өткен айда. Сол бір ауылды көріп, бір мектепті аралап шықтым. Бірақта ол Қостанай қаласынан алыс емес. Менің жоспарымда бар. Кішкене алыста орналасқан ауылдарды да аралап шығу керек.

Бүгін депутаттар ескі мектеп, құлағалы тұрған медпункттерді тізіп, лай су ішіп отырған ауыл тұрғындарының зарын жеткізуге тырысты. Балаларға арналған ойын алаңын салып жаңғыртылған ауыл тұрғызбай-ақ қояйық дейді мәжілісмендер. Экономика министрі барлық ұсынысқа бас шұлғып құптады. Ал 140 миллиардтың нәтижесін алдағы үш жыл көретін боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде