{metadescription}
Үкімет газбен қамту жоспарында тағы жаңылды
Үкімет газбен қамту жоспарында тағы жаңылды

Үкімет газбен қамту жоспарында тағы жаңылды

Үкімет жоспардан тағы жаңылды. Солтүстік өңірлерді 2025 жылға қарай газбен толық қамту бағдарламасының орындалуы кешеуілдеп жатыр. Бұған  «Сарыарқа» магистраль газ құбыры құрылысының баяу жүріп жатқаны себеп.

Ерік Сұлтанов, Сенат депутаты:

- Бұған дейін солтүстік өңірлердің әкімдігі түрлі бастама ұсынды. Ол қолдауға ие болғанына қарамастан, іске асыру жолын таппады. Сондай-ақ осы мәселені шешуге бағытталған «Сарыарқа» магистраль газ құбырының құрылысы кешеуілдеп жатыр. Мемлекет басшысы бұл мәселеге бірнеше рет назар аударды.

Жоспардан қалып жатқанымен қоймай, шенеуніктер әлі Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстарын газдандыруда нұсқау әзірлеп әлек. Энергетика министрінің сөзінше, екі өңірді көгілдір отынмен қамтуға Ресейден газ тарту керек. Екінші нұсқасы – «Сарыарқа» газ құбыры арқылы құрылыстың екінші және үшінші кезеңін жүзеге асыру. Қазір оған мемлекеттік сараптама жүргізіліп жатыр, нәтижесі Ақшолақовтың қолына шілде айында тиеді. Шығын, шамамен 165 миллиард теңгені құрамақ.

Бүгінде еліміздегі газдандыру деңгейі 60 пайызға жуықтап қалды. 10 облыс, Алматы мен Шымкент халқы көгілдір отынның рахатын көріп отыр. Қалған өңірлер газюен 90 пайыз қамтылған. Қарағанды аймағында бұл көрсеткіш 3,5 пайызға, Шығыста 1,7. Ал газдандыру деңгейі жағынан Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында соңғы орында. Еліміздің бас энергетигі соңғы төрт жылда газ тұтыну 4,8  миллиард текше метрге дейін өсті, 2025 жылға қарай газ тапшылығы сезіледі дейді.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

- Газ тұтынуда жылдық өсім шамамен 7 пайызды құрайды. Тұтынудың серпінді өсуінен 2025 жылға қарай газдың шамалы тапшылығын болжап отырмыз. Тау-кен металлургия кәсіпорындарымыз көмірден газға белсенді көшетін болса, онда тапшылық елеулі болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде