Ақмола облысы: Мәдениет тұрғындары егінге шығудан бас тартты
Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны әлі басталған жоқ. Өйткені тиесілі жерінен пайда көре алмай отырған Мәдениет ауылының тұрғындары астық себуге шықпаймыз дейді. Олар 5 мың гектар жерін «Есіл агро» серіктестігіне пайдалануға бергенде пайыздық мөлшерде үлес алуы тиіс болған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
26.04.2022
Бірақ Серіктестік жер иелеріне тек үш қап бидай беріп қатырыпты. Ол аздай, диқандар жалақымызды да уақытында алмаймыз дейді.
- Келмейді, түсіндіріп те айтқан емес! Қайсысы қайда? Неше гектар егілді? Неше гектар алынды,алынбады. Елді мүлдем керек қылмайды.
“Жер керек, ел керек емес” деп ашуға мінген тұрғындар қазір заң тілінде құрылтайшылар деп аталады. Олардың 5 мың гектар жеріне «Есіл агро» серіктестігі егін егіп отыр. Әу баста тұрғындарға түскен өнімнен 10 пайыз үлес беруге уағдаласыпты. Бірақ, құрылтайшылардың қолына ешқандай құжат ұстатпаған. Онсыз да жарытып үлес алып көрмеген жұрт, жерлерінің банктерге кепілдікке қойылғанын естіп өре түрегелді.
Орынбасар Сәдуова, құрылтайшы:
- Қандай құқығы бар, жерді біздің кепілге беретін? Ол біздің жеріміз. Өздері келіп жауап берсін! Құжааттарын қолымызға берсін! Жер үлесіне 23 қап қайдағы бір суға малшынған қалдығын береді. Сол ғана. Күзетеміз МТМ-ді,техниканы күзетеміз! Астық себуге шығарғызбаймыз. Кезекпен күзетеміз! Не істейді олар бізге? Не істейді?
Тұрғындардың ашынуына себеп көп сияқты. Шаруашылық күзде алқапта бір түйір сабан да қалдырмай жинап алады екен. Ал шөп шабатын жер жоқ. Өріс тарылған. Осы жылдары шаруашылық басшылары бір рет те халыққа есеп бермепті. Күзде үш қап астық қалдығын ғана үлестіріп, тайып тұрады дейді тұрғындар.
15 жыл бойы егінін сеуіп, астығын орып алып кететін сырттан келетін компаниядан көк тиын пайда жоқ деген Мәдениет ауылының тұрғындары шыдамның да шегі бар дейді. Олар жердің қағазы реттеліп, қолдарына жаңа келісім шарт тигенше көктемгі егіске шаруашылықты шығармаймыз деп отыр.
Осылай деп шуылдаған құрылтайшылармен кездесуге астанадан бас директордың өзі келгеніне таң қалды.Ол Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Самат Ескендіров екен.
Самат Ескендіров, «ЕС Групп» директорлар кеңесінің төрағасы:
- Былай ғой ауызбіршілікпен жұмыс істесек, өзгермейтін ештеңе жоқ.Былтырғы құрғақшылыққа байланысты 10 пайыз валдан берген солай болған шығар Үш қап сапа да өнім де былтыр болған жоқ. Сонымен келісем. Қиынқиын кезеңдерден өттік юанкроттық жағдай, барлығын өттік. Маған бірдеңе жеп, бұл жерден баю қажет емес.
- Сіз енді байып алдыңыз ғой, байып алдыңыз ғой ...
Шынымен серіктестік жерді банкке кепілдікке қойып, 6 миллиард теңге несие алған.Үлкен басшы құрылтайшыларға қажет болса, кепілдіктен шығарып беруге әзірмін деп тұр. Құжаттарының да көшірмесін жасап , зейнетақы қорына да қаражат аудармақшы. Тіпті тұрғындар жерін бөліп алғысы келсе де қарсы емеспін деп ашығын айтты. Бірақ, үйіп төккен уәдеге сенбеген тұрғындар талап орындалмаса сотқа жүгінуге әзір отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!