Атырау облысында жыл сайын балық қырылады
Атырау облысында балық қырылып жатыр. Өзен жағасында шашылып жатқан су жәндігін тұрғындар телефон камерасына түсіріп алған. Жылда қайталанатын бұл жағдай атыраулықтарға қалыпты құбылысқа айналған. Ал жергілікті билік мұның салдарын білгенмен, шешімін таппай отыр.
Автор: Жанат Молдаова
26.04.2022
Атырау іргесіндегі Безымянный су айдынында болған дейді әкімдіктегілер. Жайыққа келген судың қатты ағысы балықтарды қайраңға шығарып тастаған. Өзеннің суы сай-салаға да ағып жатыр. Салдарынан балықтар таяз жерде қалып қойған. Жағаға шығып қалған қара балық көп болғанмен, жергілікті балық шаруашылығындағылар шығын аз деп сендірді. Мұндай жағдай Жайықта жыл сайын қайталанады. Бұған себеп: арналар тарылып, балық жүретін жолрды құм басып қалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!