{metadescription}
Атышулы «Алтын Орданың» кәсіпкерлері ұлардай шулап отыр
Атышулы «Алтын Орданың» кәсіпкерлері ұлардай шулап отыр

Атышулы «Алтын Орданың» кәсіпкерлері ұлардай шулап отыр

Алматыдағы атышулы «Алтын Орда» базарының кәсіпкерлері наразылықтарын білдірді. Айтуларынша, наурыз айында салынып біту керек болған сауда орталығына 800-дей саудагер әлі күнге дейін орналаса алмай жүр. Бұлай сенделуін олар басшылықтан көреді. Ал олар құрылыс жұмыстарын бір айдың ішінде толық бітіріп береміз деп сендірді. 

Базынасын айтып жиналғандардың барлығы Алтын Орда базарының саудагерлері. Олар өткен айда салынып біту керек болған сауда орталығына көше алмай, өздеріне тиесілі орынға жете алмай, сабылып жүр. 800-ден астам саудагер ғимараттан орын алу үшін қомақты қаражат төлеген. 

Зоя Әлімбетова, саудагер:

- 20шы жылдан бастап осы таза базарға ақша жинап бастадық біздер. 2,3 миллионнан құйып бастадық.Төрт  бутик алып, 20 миллион ақша құйып тұрмын. Енді қай жаққа барарымды білмеймін. Ана бастыққа барсам, «арыз жаз» дейді, мына жаққа барсақ, бастық неғылады. Екі ортада біздер күйіп кетейін деп тұрмыз.

Гүлнар Итиярова, саудагер:

- Екі бутик алып жатырмын. Ақшаымызды өткізгенде біз құжат алмағанбыз ол жерден. Енді біздердің талабымыз  жаңа бастық болсын, ескі бастық болсын біздің төлеген ақшаларымызға бутигімізді салып берсін біздерге. Толықтай жасап берсін.

Осыдан екі жыл бұрын іргетасы қаланған бұл ғимарат кәсіпкерлердің жинаған қаржысына салыныпты. 30 мың шаршы метрлік сауда орталығының құрылысы әлі жүріп жатыр. 

Ұлардай шулаған кәсіпкерлер нысанның ішіне кіре алмай отыр. Айтуларынша, келісім бойынша олар наурыз айында орналасу керек болған. Алайда, өздеріңіз көріп тұрғандай ғимараттың құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған.

Бұқараның базынасын тыңдауға базар басшылығы шықты. Жұмысқа жақында кірістік деген Алтын Орданың бас әкімшісі мәселенің шешелмеуін алдыңғы басшының құжаттарды тапсырмағанынан көреді. Десе де, сауда орталығын 1 айдың ішінде бітіріп, толықтай кәсіпкерлерді орналастырамыз деп уәдені үйіп-төкті. 

Ермек Марқабаев, базар әкімшісі:

- Келісімшарттары бәрі қолында. Менде кабинетте қазір мынандай бума арыз жатыр. Ішінде келісімшартымен тіркелген. Мен бәріне бір ауыздан айтып отырмын. Мынау біткен кезде барлықтарың келіп, өз орындарыңды аласыңда, ашылуын тойлаймыз, жұмыстарыңды бастайсыңдар. Бас директордың тапсырмасымен халықтан бір тиын алмайсың, бюджеттің ақшасымен 1 айдың ішінде бітір деген тапсырма берген маған. Бітір деді, мен бітіремін.

Қазір бұл ғимаратта тек 200ден астам сауда нүктесі ғана бар. Бас әкімші  қалған кәсіпкерлерді алдағы уақытта салынатын жаңа нысанға орналастырмақ. Алайда, осы уақытқа дейін сылдыр сөзге сеніп келген саудагерлер бұл жолғы уәдеге де сенгісі жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.