Пирамида: Вайнерлерге қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды
Прокурордың да, адвокаттың да талабын қанағаттандырған жоқ. Алматы қалалық соты басы дауға қалған вайнерлер Мейіржан Төрабаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. Сәуірдің жиырмасында 10 тәулікке қамауға алынған вайнерлер бүгін үй қамаққа шыға ма деп ойлаған жақындары.
Автор: Асқарбек Қазанғап
26.04.2022
Ал прокурор бұлтартпау шарасының мерзімін екі айға созуды сұраған еді. Бірақ судья осыған дейін шыққан қаулыны өзгеріссіз қалдырды.
Абай Жарылқасын, Алматы қалалық сотының ресми өкілі:
- Бұдан бұрын шығарылған Алматы қаласының тергеу сотының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. Белгілі вайнерлер Мейіржан Төрабев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты 10 тәулік мерзіміне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Бұл санкция өзгеріссіз қалдырылды.
Сот онлайн өткенмен, қалалық соттың алдына бүгін салымшылардың бір легі жиналды. Олар атышулы істе қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталып жатқан Алмас Құрманғалиевтің "Астекс кз" компаниясына қомақты қаржы құйғандар. 128 адамның алды 70 млн теңгесін берген. Тек осы "Астекс кз"-тен келген шығын 1 миллиард теңгеден асады. Сол құйған ақшаны қайтара алмай шулап жүргенде, оларға "Мудараба капиталдан" алданғандар қосылған. Құзырлы орындардың мәліметінше, осы екі қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 5 миллард теңгедей ақшаны қалтаға басыпты.
Айта кетейік, былтыр істі болған ағасының орнына ақшаны өтеуге інісі Шыңғыс Құрманғалиев уәде берген еді. Әзірге 100 млн теңгеден астам сома ғана қайтарды дейді салымшылары.
Ілияс Нұрланұлы:
- Қазіргі таңда ақырынақырын қолынан келгенінше “Астекс кз” салымшыларына жәй-жәй ақшаымызды қайтарып жатыр. Енді қазіргі таңда Мудараба капитал деген салымшылар «біз “Астекс кз” қатысымыз бар» деп жалған ақпарат беріп жатыр. Негізінде ол олай емес.
Ұлан Бақырбаев:
- Біз ешкімді жақтайық немесе қолдайық, біреуді жамандайық деген нәрселерді ұстанбаймыз. Біз тергеудің, осы бүкіл қылмыстық істің ашылуын және осыған қатысы бар адамдардың жазалануын немесе осыған салынған ақшаның қайтарылуын ғана талап етеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!