Құқығымыздың қорғалуын енді Конституциялық соттан сұрай аламыз
Конституциялық сот қарапайым тұрғындар үшін ашық болады. Яғни ел азаматтары енді өз құқығының қорғалуын Конституциялық соттан сұрай алады. Бұл ата заңдағы өзгерістердің бірі. Мемлекет басшысының жолдауынан кейін енгізілген негізгі заңдағы өзгерістерді қазір Конституциялық кеңес қарап жатыр.
Автор: Әзиза Төленби
26.04.2022
Президент өкілеті, парламент функциясы, партия құру, өңір әкімдерін сайлау сияқты 33 бапқа 56 түзету жасалмақ. Қазақстанның әр азаматы әділ мемлекетте өмір сүруі тиіс деген сарапшылар, конституциядағы өзгерістерді қолдап отыр.
Қазбек Майгелдинов, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы:
- Егер соттың шешімі бойынша қандай да бір заңдағы тармақтар шын мәнінде азаматтық Конституциялық құқын бұзып тұр десе, сот шешімімен бұл заңдар өз жұмысын тоқтатады. Сондықтан мұндағы басты мәселе адам құқықтары, соның ішіндегі әрбір азаматтың өзінің Конституцияда бекітілген мызғымас құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
Самат Нұртаза, саясаттанушы
Біздің Президентіміз өз жауапкершілігін халықпен бөлісіп жатыр. Сайладың ба, өзің риза боласың. Риза болмасаң, өзің сайладың. Яғни нәтижесінде халық өз-өзіне қожайын болады. Менің ойымша, бұл өте дұрыс нәрсе. Халық барлығын біледі. Қазір уатсап бар, әлеуметтік желі бар. Кімнің жақсы, кімнің жаман екенін. Әр аймақта адамдар біледі. Нәтижесінде олар жақсы адамдарды сайлап ала ма деген үмітім бар. Бұл нағыз демократиялық, либералдық шешім деп білемін
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!