Министр: Қант өндірісін жеті есеге арттырамыз
Қант өндірісін 7 есеге арттырамыз. Ауыл шаруашылығы импортқа тәуелділіктен осылай арыламыз деп сендірді. Қазір қазақстандықтар бір жылда тұтынатын 532 мың тонна шекердің 7 пайызы ғана отандық өнім.
Автор: Елдос есенбол
26.04.2022
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі
- Қант жинауды 332 мың тоннадан 1,8 миллион тоннаға дейін ұлғайту күтіліп отыр қант қызылшасын. Демек қант қызылшасына қант өндірісі жеті есе 254 мың тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігін береді.
Наурыздың басында дүкен сөрелеріндегі қантты халық сыпырып әкетіп, тәттінің бағасы шарықтап кеткені есте. Ауыл шаруашылығы министрі бұл байбаламның салдары деп сабырға шақырып, қант қорының жеткілікті екеніне сендірген. Ал, отандық қант шикізатаның тым төмен көрсеткішін Қарашөкеев, зауыттардың ескіргенінен, егіс алқабына су жетіспеуінен дейді. Бұған дейін министрмен жүздескен қант қызылшасын өсіруші шаруалар да тазаланбаған арықтарды, қымбаттаған жанармай мен тозған техниканы айтып шағымданған болатын. Оларға арнайы жеңілдіктер мен субсидиялар да қарастырылады деді министр. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін тағы бір қант зауыты бой көтермек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!