{metadescription}
Үкімет газ бағасын өсіреді, газ онсыз да арзан екен
Үкімет газ бағасын өсіреді, газ онсыз да арзан екен

Үкімет газ бағасын өсіреді, газ онсыз да арзан екен

Үкімет газ бағасын өсіруді жоспарлап отыр. Өйткені ішкі сұраныс артқанына байланысты Қазақстан экспортты қысқартуға мәжбүр. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың пікірінше, елімізде көгілдір отын бағасы онсыз да арзан.

Осыған дейін экспорттан түскен жоғары кіріс есебінен ел ішінде газ бағасы төмен болды. Ал қазір сұраныс көбейіп газ өндіру көлемі ұлғаймай жатқандықтан, сыртқа сату азайып кеткен. 2024  жылы экспорт мүлдем тоқтайды деген болжам айтты министр. Бірақ қалай болғанның өзінде, Үкімет қарапайым халық үшін бағаны ұстап тұруға әрекет жасайды. Ал ірі бизнес өкілдері үшін газ бағасы 60 пайызға өсуі мүмкін.   

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

- Газ, әрине, арзан бола алмайды. Біздің ойымызша тұтынушыларды бөлуіміз керек. Біріншіден, тұрғындардың мәселесін шешіп. Оларға қатты көтеруге болмайды, газ бағасын. Екіншісі ,бұл өндірістер. Мысалы, Қазақстанда 100 пайыз экспорттайтын өндіріс бар. Сол газды жоғары бағамен алуға мүмкіншілігі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде