Түркістан облысында болған тасқын шығыны бюджеттен төленеді
Түркістан облысындағы тасқыннан бүлінген үйлер мен өлген малдың өтемақысы бюджет есебінен беріледі. Төтенше жағдайлар министрігінің мәліметінше, топан судан алты бас сиыр мен 260-тан астам ұсақ мал өлген.
Автор: Бек Әбиев
26.04.2022
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Шығын көлемі әлі есептеліп жатыр. Нақты белгілі болған соң зардап шеккен тұрғындардың бүлінген баспаналары мен өзге де нысандарының жөндеу жұмыстарына және қырылған малдың өтеуі төленетін болады. Егер жергілікті бюджет шығынды жаба алмай, әкімдік бізге хабар берсе онда республикалық бюджеттен қаржы бөлдіруге күш саламыз. Бастысы адам шығыны жоқ. Қазір аймақта жағдай тұрақталып келе жатыр.
Министрдің сөзінше, жаңбыр жарты сағат емес, 3 жарым сағат бойы жауған. Салдарынан, сай саланы басқан су Қазығұрт ауданының төрт ауылы мен Сарыағаш ауданының бір елді-мекенін бүлдірді. Тексеріс нәтижесінде 19 жер үйге су кіріп, 51 ауланы балшық басқан. Сондай-ақ, 16 шаруашылық мақсаттағы құрылыс пен бір дәмханаға зақым келген. Деседе тасқыннан келген шығын көлемі әлі де нақты емес. Табиғаттың тосын мінезінен болған залалды жергілікті билік өкілдері есептеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!