{metadescription}
Алматыда бес адамды атып өлтірген Дужновқа сот үкімі шықты
Алматыда бес адамды атып өлтірген Дужновқа сот үкімі шықты

Алматыда бес адамды атып өлтірген Дужновқа сот үкімі шықты

Алматыда бес бірдей адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа сот үкімі шықты. Қанды қылмысқа қасақана барған 55 жастағы қаскөй енді қалған өмірін темір торда өткізуі тиіс. Судья бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сұраған ең қатаң жаза кесті.

Еркін Майшинов, судья:

- Сот Игорь Дужновты бес адамның өліміне кінәлі деп тапты. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Төтенше қауіпсіздіктің қылмыстық жүйесі мекемесі Дужновтың жазасын өтеу орны ретінде белгіленді. Дужнов соттың қаулысын орындауға келген адамдарды қатігездікпен өлтірді. Оларға тірі қалуға ешқандай мүмкіндік бермеді. Сондықтан оның банктегі алаяқтармен күрестім дегені негізсіз.

Дужнов жазасын «Қара бүркіт» аталып кеткен қауіпсіздігі ең жоғары түрмеде өткізеді. Оған «кісі өлтіру», «билік өкіліне шабуыл жасау», «оқ-дәрілерді заңсыз сақтау» және «басқа мемлекеттің аумағында қарулы қақтығысқа қатысу» секілді ауыр айыптар тағылған болатын. Алайда қаскөй кінәсін сол күйі мойындамай, қанды қылмысқа барғанына өкініш білдірмей кетті. Қара жамылған жәбірленуші тараптан кешірім де сұраған жоқ. Еске салсақ, өткен жылдың қыркүйек айында Дужнов соттың қаулысын орындауға келгендерге ауласында аңшы мылтығымен оқ жаудырған еді. Ақбұлақ ықшамауданындағы осы қанды оқиғадан екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен оның досы қаза тапты. Соттың бүгінгі үкімімен жапа шегуші тарап та, мемлекеттік айыптаушы да келісті. Бес адамды жайратып салған мұндай қатыгез адамның бостандықта жүруі өте қауіпті деді прокурор.

Әлішер Мырзаханов, мемлекеттік айыптаушы:

- Сотталушыға жаза түрі мен мөлшерін анықтау кезінде оның жасаған қылмыстарының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі, оның жеке басы, қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жәбірленуші тараптың пікірлерімен ескерілді. Дужнов аса қатыгездікпен бес адамды өлтірген. Қылмыстарды оқ ататын қару қолданып жасаған. Сот өз үкімінде мемлекеттік айыптаушының осы ұстанымын қолдап, Дужновқа әділ жаза тағайындады деп санаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде