«Сергек» жүйесінің жаңа функциясы іске қосылды
"Камераның қырағы нысанасынан құтылмайды". Алматыда «Сергек» жүйесінің жаңа функциясы іске қосылды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлімдеді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
27.04.2022
Енді жалған нөмірмен әрлі-берлі ойқастайтындардың жолы кесіледі. Жаңа технологиядан айласын асырып келгендерге «Сергек» тосқауыл тапты. Соңғы өзгерістен кейін қала көшесін сүзгіден өткізу жұмысы басталып кетті. Соңғы тәуліктің өзінде «Қорғау сергек» кешені жалған нөмірмен жүрген 11 жүргізушіні анықтады. Олар бір күнде айыппұл сомасы 12 миллион 680 мың теңге болатын 790 рет жол ережесін бұзған. Сақшылар тоқтатқан темір тұлпарлар айыппұл тұрағына жіберілген. Алматыда «Қорғау сергек» 2021 жылдың қараша айынан бастап пилоттық режимде қолданылып келеді.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
- Негізі бұндай "Сергектерге" заң талаптарына бағынғысы келмейтін азаматтар барады. Осы әрекеттерімен, жалпы басқа жалған нөмірді тағу арқылы, басқа да құқықбұзушылыққа бергісі келеді. Мысалы, жылдамдықты асыра пайдаланады, қиылыстағы бағдаршамның қызыл түсіне өткісі келеді. Сонымен қатар басқа құқықбұзушылыққа, кей кезде қылмысқа да жол береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!