{metadescription}
Енді жол апатына ұшырасаңыз ...
Енді жол апатына ұшырасаңыз ...

Енді жол апатына ұшырасаңыз ...

Жүргізушілердің сақтандыру төлемін алу шарты жеңілдеді. Енді жол апатына ұшырасаңыз, тәртіп сақшыларын шақырмай-ақ, болған жағдайды телефонға түсірсеңіз жеткілікті. Бейнежазбаны әлеуметтік желіге емес, сақтандыру компаниясы инспекторына жіберуіңіз керек. 

Дәния Еспаева, Мәжіліс депутаты

- Ұсақ тәртіпбұзушылық болған кезде бір-біріңізге қалтаңыздан ақша төлеп, ымыраласып тарқасасыздар. Жаңа заң жобасы аясында полиция шақырмай, сотқа жүгінбей-ақ, сақтандыру төлемін ала аласыздар. Бұл «Еурохаттама» деп аталады. Еуропаның біраз елінде осындай жүйе. Көрші Ресей, Беларусь, Өзбекстан мемлекеттерінде де қолданылады.

Видео жолдаған сақтандыру компаниясының инспекторы мән-жаймен танысқаннан соң, сізге тиісті көлемде төлем бекітеді. Бірақ бұл тек жеңіл жарақатпен ғана шектелетін оқыс оқиғаларға қатысты. Яғни мұндай қызметті алу үшін адам шығыны болмауға тиіс. Сондай-ақ осы мақсатта ұялы телефонға арналған арнайы бағдарлама әзірленеді. Онда ішкі істер министрлігі мен сақтандыру компанияларының базасы енгізіледі. Бірақ, өзгеріс екі жылсыз қолданысқа енгізілмейді. Мәжіліс депутатары арнайы бағдарламаны жасауға "біршама уақыт керек" деп отыр. Жаңа заңның тағы бір ерекшелігі: жүргізушілерге автосақтандыру алған кезде арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Ол жол апатының жиілігіне қарай әр аймақта әр түрлі. Ал бұрын ережені аз бұзған тәртіпті жүргізуші болсаңыз жеңілдікке ие болуыңыз мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде