{metadescription}
«Соқыр», «мылқау», «саңырау» деп айтуға болмайды
«Соқыр», «мылқау», «саңырау» деп айтуға болмайды

«Соқыр», «мылқау», «саңырау» деп айтуға болмайды

Енді «Соқыр», «мылқау», «саңырау» деп  айтуға болмайды. Депутаттар оның орнына көңілге тимейтін жаңа термин ұсынды. Мәжілісмендер осылайша мүмкіндігі шектеулі жандарды басқаша атап, мәселесін жаңа көзқараспен шешпек. Таксопарктердегі әрбір 10-шы машина мүгедектерге арналсын, арнайы автобустар болсын деп талап етіп отыр.

Елдегі 800 мыңға жуық мүгедекке тағы қандай жақсылық жасалады? 

Енді денсаулығында кінәраты бар адамдарға «соқыр», «мылқау», «саңырау» деп айтуға болмайды. Оның орнына «мүгедектігі бар», «ауруы салдарынан мүгедектігі бар» деген термин қолданылуға тиіс. Мәжілісмендер қолдауды осылай ар-намысты қорғаудан бастамақ.

Лариса Павловец, Мәжіліс депутаты:

-  "Мүгедек" терминін "мүгедектігі бар адамға", "соқыр", "саңырау", "мылқау" терминдерін "көру қабілетінен толық айырылған адамдарға", "есту қабілетінен толық айырылған адамдарға", "сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдарға" өзгертуге  түзету енгізілді.

Қазір таксопарктердің әр отызыншы көлігі мүгедектігі бар жандарға арналған. Онда да көбіне сөз жүзінде. Шенеуніктер мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы автобус пен таксиді көбейтеміз деп уәде беріп отыр. Бірақ мұндай игіліктен жарымжандардың көпшілігі хабарсыз. Екінші топ мүгедегі Ерлан Әбдірахманов өзіне бейімделген такси бар екенін білмейді. Автобусты тегін пайдаланып жүрген ол жаңа атаудан гөрі, жылдар бойы жылжымайтын үй кезегі, жәрдемақы көтерілгенін қалайды.

Ерлан Әбдірахманов, екінші топтағы мүгедек:

- Мүгедектерге арналған такси бар дедіңіз. Оны естімегем. Неше жылдан бері астанада тұрамын, таксиге мініп көрмеппін. Бірыңғай сол автобусқа мінеміз ғой. Ақшамыз болса, ара тұра мінеміз. Үкімет ең болмаса бізге азық-түлік жағынан да көмектессе деп ойлаймыз. Мысалы, біздің алатын жәрдемақы жетпейді. Үйге төлейміз, шамалы қалады. Күнде вермишель жей бергің келмейді ғой.

Ерлан мемлекетке алақан жайып отырмай, өзі табыс тапқысы келеді. Бірақ балдаққа сүйініп қалған жігіт ағасына жұмыс табу өте қиын. Еңбек министрлігінің есебінше, өткен жылы елімізде арнайы квотомен 31 мың адамның 5 мыңы ғана жұмысқа тұрған. Бүгінгі отырыста мүгедек балалар бағып отырған отбасылардың жайы да айтылды. Құжат қабылданса, 62 мыңнан астам мүгедектігі бар бала ата-анасы мен ем-домға мемлекет есебінен бірге баруға мүмкіндік алады. Ол үшін  үш жылдық республикалық бюджеттен алты миллиардқа жуық қаржы жұмсалады. 

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:

- Осы күнге дейін көптеген ерекше балаларды тәрбиелеуші отбасылардың ата-аналары балаларымен бірге санаторий-курортқа, демалысқа бірге бара алмайтын. Бүкіл Қазақстан да үш қана аймақты: Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қарағанды облыстарында ғана жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, оата-анасына мүмкіндік беретін.

Мүгедектерге арналған жарқыраған пандус Мәжіліс үйіне апарады. Мұндайды көп жерден кездестіре бермейсің. Десек те мүмкіндігі шектеулі жандарға алдымен қарапайым есіктен кіріп-шығатын, көтеріліп-түсетін жағдай жасалғаны маңызды. Әйтпесе барлық ғимараттың инфрақұрылымы Парламенттегідей темес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде