{metadescription}

Атырауда әскери көлік техникасын сатпақшы болған

Атырауда әскери көлік техникасын сатпақшы болған азамат ұсталды. 35 жастағы тұрғын брондалған барлау машинасын өзгелерге өткізіп жібермек болған. Алайда Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері техниканы тәркілеп, күдіктіні ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты.

Дегенмен бронды көлік әскери іс-қимылға жарамсыз. Өйткені атысқа қолданатын мұнарасына еш қару-жарақ орнатылмаған. Соған қарамастан техника иесі «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау» бабымен тергеліп жатыр. Әскери көліктің техникалық қауіпсіздігі де сараптамадан өткізіліп жатыр.  

Мейірім Дәулет, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:

Тергеу  кезінде ол азамат техниканы өзге адамнан сатып алғанын мәлімдеген. Тергеу амалы ҚК 386-бабы, 1-бөлігімен жүргізілуде. Өзге ақпарат 201-бапқа сәйкес жариялануға жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде