{metadescription}
ШҚО-да  бүтін бір елдімекен тұрғындары ішімдіктен бас тартты
ШҚО-да  бүтін бір елдімекен тұрғындары ішімдіктен бас тартты

ШҚО-да  бүтін бір елдімекен тұрғындары ішімдіктен бас тартты

Арақ ішпейтін ауыл. Шығыс Қазақстан облысында бүтін бір елдімекен тұрғындары ішімдіктен бас тартты. Дүкендерде алкоголь өнімдері мен темекі сатылмайтын болған.

Шағын Жанұзақ ауылында 70-ке жуық отбасы тұрады. Олар үш жылдан бері ащы су ішіп, темек тартудан жаппай бас тартқан. Үйге келген қонаққа да арақ-шарап ұсынылмайды. Алкогольді өнімді ауылдағы дүкендерден таппайсың. Осының арқасында ауылда ұрлық-қарлық пен бұзақылық сап тиылды дейді тұрғындар. Салауатты өмір салтын ұстанған жастардың көбі бос уақытын спортқа арнайды.

Маржангүл Мағауиянова, Жанұзақ ауылының тұрғыны:

- Талайдан бері дүкендерде арақ сатылмайды. Өйткені ешкім арақ ішпейді. Бұл келешек ұрпақтың тәрбиесіне үлкен көмек. Балаларға келсек, олар спортпен шұғылданады. Күн демей, түн демей, қолы босай қалса, футбол ойнайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде