{metadescription}
Қарағанды облысы: Саранда астыртын арақ цехы әшкереленді
Қарағанды облысы: Саранда астыртын арақ цехы әшкереленді

Қарағанды облысы: Саранда астыртын арақ цехы әшкереленді

Қарағанды облысының Саран қаласында спиртке су араластырып 22 тонна арақ-шарап сатуға дайындап қойған жасырын цех әшкереленді. Бір ыдыста дайындалған сапасыз алкоголь түрлі маркамен мыңдаған құтыға құйылып қойған. 

Астыртын цех қожайыны қолдан құюдың әдіс-тәсілін тергеушілерге өзі айтып берді. Арзан ішімдіктен бастап ең танымал маркалы арақтар бір ыдыстан құйылған. Тексеріс кезінде сатуға дайындалған 25 мың құты заңсыз өнім тәркіленді. Енді тергеушілер қанша бөтелке жынды судың сатылып кеткенін анықтауға тиіс. Цехтан шыққан өнімнің сапасы сараптамадан өткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде