Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі не болады ...
Мемлекеттік тілдің бүгінгі жайы қалай, ертеңі не болмақ? Осы мәселе бойынша Алматыда «Қазақ тіл білімінің бүгіні мен болашағы» атты ғылыми жиын өтті.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
27.04.2022
Ана тіліміздің қазіргі күйі мен келешек тағдыры туралы сөз қозғалған ал0алы жиында белгілі лингвист-ғалымдар бас қосты. Олар тіл білімін дамытудың жаңа бағыттары туралы көкейтесті мәселелерді талқылады. Қазақ тілінің терминологиясы тығырыққа тірелді деген мамандар тіліміздің дамуы ақсаңдап келе жатқанын айтады. Шара барысында "Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя: теория және практика"кітабының тұсауы кесілді.
Шерубай Құрманбайұлы, Филология ғылымдарының докторы:
- Тілдің қолданысы деген мәселе бар ғой6 біздің елде. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданысы әлі толық шешімін таппаған. Мемлекеттік тіл ретінде қолданылмай келе жатқаны күнде айтылып, күнде жазылып келе жатқан мәселе. Осы тұрғыдан, әлеуметтік лингвистика тұрғыдан шешетін мәселелеріміз аз емес. Осы жөнінде ғалымдардың жақсы тұжырымдары, ойпікірлері болады деген үміттеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!