Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ...
Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдегі жұмыс істейтін жастар саны 80 мыңнан 76 мыңға дейін азайған. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі шамамен төрт пайызға жуық.
Автор: Елдос Есенбол
27.04.2022
Оларды еңбекке баулып, ынтасын арттыру мақсатында Мақсұт Нәрікбаев атындағы заң университетінің студенттерімен кездесу өтті. Басқосуда көптің көзайымына айналып медиа саласында танылып жүрген азаматтар ойын бөлісті. Ted-x форматындағы кездесуге қатысқан студенттер де өзін толғандырған сауалға жауап іздеді. Басым бөлігі оқу ордасын тәмамдаған соң "Қандай жұмысқа орналасамын?" деген сұрақ төңірегінде болды. Еңбек нарығында қандай мамандар тапшы, қай мамандық сұранысқа ие деген де мәселе көтерілді. Талқылау алаңының тақырыбы: «Құлықсыз жастарды қалай ынталандырамыз?» деп аталуы да сол себепті дейді ұйымдастырушылар.
Арман Әубәкір, «Адырна» қоғамдық қорының басшысы:
- Техникалық салада елімізге жастардың көбірек келгені жақсы. Олар, былайша айтқан кезде, жаратылыстану ғылымы дейді, сол бағытта, өкінішке қарай, көптеген маман жетіспейді. Орнын шетелдік мамандар толтырып жатыр. Біз қолдан келгенше, жастарға дәріптеп, насихаттап жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!