{metadescription}
Қазақстан енді коронавирусқа қарсы вакцина сатып алмайды
Қазақстан енді коронавирусқа қарсы вакцина сатып алмайды

Қазақстан енді коронавирусқа қарсы вакцина сатып алмайды

Қазақстан енді коронавирусқа қарсы вакцина сатып алмайды. “Спутник V”-ге де ақша жұмсамайды. Ресейлік препаратты шығарумен айналысқан Қарағанды фармацевтика зауыты вакцина өндірісін тоқтатып, бұрынғысынша дәрі жасауға көшті.

Бүгінде елімізде қауіпті індетке қарсы вакцинаның төрт миллион дозасы бар. Вакциналау және ревакциналауға арналған препараттар ішінде америкалық Pfizer, қытайлық Sinopharm және отандық QazVac қалған. Олар қазан айына дейін жетеді.

Қазір қазақстандық вакцина айына жарты миллион дозамен шығарылып жатыр. Коронавирусқа қарсы қайта егілу кезінде QazVac-ты қолдануға болады. Тек жасөспірімдерді ревакциналау мәселесіне денсаулық сақтау министрлігі алаңдаулы. Қажет болған жағдайда жауапты орган шетелден екпе әкелуге дайын.

Әзірге отандық ғалымдар жасөспірімдер үшін вакцина ойлап табудың технологиясын әзірлемепті. Covid-19-ға қарсы екпе елімізде тегін жүргізіліп жатыр.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас санитар дәрігері:

- Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау ұлттық вакциналау күнтізбесіне енген. Сондықтан ол тегін салынады. Бүгінде Қазақстанда міндетті екі сатылы вакциналау жүргізіледі. Алғаш рет вакцина салдырғанда екі доза, ал алты айдан кейін міндетті ревакциналау жасалуға тиіс. Ол  бір доза. Әрі қарай жағдай өзгерген сайын хаттама да өзгеруі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде