{metadescription}
Қаңтар: Күл-талқаны шыққан 54 көліктің қожайыны шығынын өтеп алды
Қаңтар: Күл-талқаны шыққан 54 көліктің қожайыны шығынын өтеп алды

Қаңтар: Күл-талқаны шыққан 54 көліктің қожайыны шығынын өтеп алды

Алматыда қаңтардағы жағдай кезінде бүлінген көлік иелеріне 258 милллион теңге төленді. Осылайша бейберекетсіздік кезінде күл-талқаны шыққан 54 машинаның қожайыны шығынын өтеп алды. Қала әкімдігі митингіде көлігі зақымданған азаматтардан әлі де өтініш қабылдап жатыр.

Бүгінге дейін бейберекетсіздіктен көлігінің сау-тамтығы қалмаған 99 адам өтініш түсірген. Олардың қатарында сырылған, тоналған, өртеніп құр қаңқасы қалған және оқ тиген көліктер бар.

Әкімдік келесі айда тағы 45 көліктің иесіне өтемақы төлеуді жоспарлаған. Жүргізушілер көліктің бүлінгенін құжат жүзінде дәлелдеуі тиіс. Мүлікке келтірілген шығынды тәуелсіз сарапшы анықтайды. Оны зардап шегуші өзі таңдайды. Залалды өтейтін қаражат қала қазынасынан аударылады.

Жалпы қаңтардағы аласапыранда Республика алаңы мен Алматы халықаралық әуежайының маңында тұрған көліктер зақымданыпты.

Перизат Әбдуәли, Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының бөлім басшысы:

- Қалған өтінімдер бойынша аудан әкімдіктері жұмыс істеп  жатыр. Өтініштерге толық тексеру жүргізіледі. Барлық құжатты тексереміз. Одан кейін жергілікті бюджеттен ақша бөлуге құжат дайындаймыз. Ең көп өтінім Түрксіб және Алмалы аудандарынан түсті. Алматы халықаралық әуежайының жанында өте көп көлік өртенген. Сондықтан сол ауданнан да өтініш көп түсіп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде