Конституциялық сот жұмысын қайта бастайды
27 жылдан кейін Конституциялық сот жұмысын қайта бастамақ. Бұл институт негізі 90-жылдары болған. Құқық қорғау жүйесін күшейту мақсатында қазір Ата заңға өзгерістер енгізіліп жатыр.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
28.04.2022
Өйткені Конституциялық кеңес бұған дейін өтініштерді тек мемлекеттік билік деңгейінде қарап келді. Ал жаңа түзетулер күшіне енсе, қазақстандықтар өз құқықтарын Конституциялық сотта қорғап, оны түсіндіріп өтініш бере алады. Немесе уәкілеттілік берілген Бас прокуратура мен адам құқықтары жөніндегі омбудсменге де арыздануға құқы бар.
Жанар Боқанова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы электоралды оқыту орталығының басшысы:
- Әр азамат өзінің конституциялық құқығын, міндеттерін білуі керек. Сонда барып ол әр түрлі Конституциялық сот па, Бас прокуратура ма, сот органдарына ма, шағымданып, мәселесін шеше алады. Еліміздегі азаматтар осы саяси шешімді қабылдауы саналы түрде болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!