«Мың бала» олимпиадасының екінші кезеңі басталды
Ауыл балаларына арналған «Мың бала» олимпиадасының екінші кезеңі басталды. Бүгін біріншісінен сүрінбей өткен оқушылар елордада бас қосты. Қазақстанның әр түпкірінен жиналған үздіктер компьютер алдында тест тапсырды.
Автор: Әзиза Төленби
28.04.2022
Биыл бес мың оқушы алғашқы іріктеуден сүрінбей өткен. Жолдама алғандар математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері мен жаратылыстанудан тест тапсырды. Жеңімпаздардың есіме мамыр айында жарияланады. Топ ішінен суырылып шыққан оқушылар жаңа оқу жылынан бастап өзіне жақын қаладағы жетекші мектептерде тегін оқуға мүмкіндігі бар.
«Мың бала» жобасы осымен үшінші рет республикалық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының оқушылары белсенді.
Айжан Аршабаева, «Мың бала» олимпиадасының үйлестірушісі:
- Балалардың олимпиадаға қатысып, жеңу мүмкіндігі ауылдың балаларына әлеуметтік лифт. Өйткені қаланың балаларына қарағанда олимпиадаға жиі қатыса алмайды, мүмкіндіктері аз. Сол үшін «Мың бала» олимпиадасына қатысып, осындай дарынды балаларға арналған мектептерге түсе алады. Жақсы маман болуға жақсы мүмкіндік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!