Алматыда әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті
Алматыда әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті. Байқауға қатысушылар еліміздің барлық өңірінен келген. Дәстүрге айналған шара екі жыл онлайн форматтан кейін офлайнға енді өтіп отыр.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
28.04.2022
Биыл байқаудың іріктеу кезеңіне үш аталымда 177 жоба өтініш берген. Олардың тек 50-і ақтық сынға өтіп отыр. Енді арасынан ең үздік деп танылған жобалар Нұрсұлтан Назарбаев қорының грантына ие болады. Топ жарып шыққан қатысушылар 3 миллионға дейін қаржылай сыйақы алады.
Екі күндік бағдарлама аясында «Буккросиинг» акциясы, ашық диалог алаңы, финалистерге арналған нетворкинг, шеберлік сағаттары және дәрістер өткізіледі.
Лаура Ибраимова, «Арал Ару Ана» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
- «Шығармашылық шексіз талант» деген, шығармашылық дамыту орталығын жалғастыруға жобамды алып келіп отырмын. Бұл жерде жас ерекшеліктері бөлек. 12 жастан 18 жасқа арналған. Барлық мүгедек және ерекше күтім қажет ететін балаларға арналған. Талантын анықтаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!