Үкімет айлық өскен сайын бәрі қымбаттайтынын мойындап отыр
Жалақыны көтеру инфляцияны одан әрі шарықтатып жіберуі мүмкін. Айлық өскен сайын азық-түлік пен басқа да тауарлар қымбаттайтынын үкіметтергілер мойындап отыр. Ал тығырықтан шығудың жолы тағы белгісіз.
Автор: Елдос Есенбол
28.04.2022
“Қол қусырып тағы қарап отыра алмаймыз”, - дейді вице-премьер Ералы Тоғжанов. Бүгін ол халықтың табысын арттырудың жаңа жобасын таныстырды. Оның шапағатын миллионға жуық қазақстандық көруі тиіс. Табысы жоғарылайтын кәсіптердің қатарында: мұғалім, дәрігер, полиция сияқты бюджеттегілер, өндірістік сала мен квазисектор қызметкерлері бар.
2025 жылға дейін 2 миллиондай жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Ал мемлекеттен қолдау көріп отырған ірі кәсіпорындар да жұмысшыларының жалақысын көтеруге міндеттелмек. Жаңа жоба аясында алдағы үш жылда импортқа тәуелділіктен арылып, жүз пайыз отандық азық-түлікпен қамтамасыз етеміз деп те сендіріп отыр үкіметтегілер. Тек, бұл жақын арада шешіле қоятын мәселе емес.
Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:
- Бір жылдың ішінде ол мәселенің бәрін шешіп тастаймыз деген өтірік әңгіме болады. Әрбір нақты жобаның артында жұмыс орындары, ол жердегі жұмыс істейтін адамдардың жалақысын көтеру тұр. Бірінші, жұмыс орындары екі миллионға шейін. Екі де сегіз адамның жалақысын көтеруге байланысты. Сондықтан бірнеше осындай бағытдан тұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!