{metadescription}
Тоқаев: Қазақ тілді аудиториямен жұмыс істеу –  парыз
Тоқаев: Қазақ тілді аудиториямен жұмыс істеу –  парыз

Тоқаев: Қазақ тілді аудиториямен жұмыс істеу –  парыз

Президент мемлекеттік тілге қолдау білдіру керектігін айтты. Күн санап аясы кеңейген қазақ тілді аудиториямен жұмыс істеу – баршамызға парыз дейді мемлекет басшысы.

Қазақстанның дамуына өзге этностардың қосып жатқан үлесі туралы мемлекеттік тілде айту өте маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бұқаралық ақпарат құралдары этнос мәселесімен ғана шектелмеу керек. Мәдениетіміз әр алуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл жағымды, оң үдердіс. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек.

«Кешегі қаңтар оқиғасынан сабақ алып, қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді ұмытпауымыз керек. Әсіресе, қазіргідей геосаяи ахуал қиын тұста «бірлігіміз әралуандықта» деген қағидатты есте ұстаған жөн. Бірақ этносаралық фактордың саясилануына, осы тақырыпқа қатысты арандатушылыққа жол беруге болмайды», - деді президент. Елімізде өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің жеке басына, адамдығына тіл тигізіп, ар-намысына тиетін сөз айтуға рұқсат жоқ. Керісінше, бір мандатты округтер бойынша кандидаттарды сайлау секілді саяси өзгерістер Қазақстанның этносаралық алуандығын айқын көрсетуге тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Біз көзқарастарымыз бен нанымсенімдеріміздегі айырмашылықтарға қарамастан, бір-бірімізді түсінуге және құрметтеуге тиіспіз. Бізді біріктіретін, күшейтетін, үйлестіретін ортақ құндылықтарға ұмтылуымыз қажет. Біздің «Әртүрлі көзқарас біртұтас ұлт» деген қағидамыз мызғымайды. Патриотизмнің жоғары құндылықтарын ұлтаралық артықшылық сезімімен алмастыруға, достық пен бірліктің орнына бір-біріне деген өшпенділікке жол берілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде