{metadescription}
Тоқаев: Жеке бизнеске ешқандай қысым болмайды
Тоқаев: Жеке бизнеске ешқандай қысым болмайды

Тоқаев: Жеке бизнеске ешқандай қысым болмайды

«Жеке бизнеске ешқандай қысым болмайды». Заңсыз тексеретін құқыққорғау және бақылау органдарына президент бүгін кезекті рет қатаң ескерту жасады. Кәсіп жүргізуге мүмкіндік бермейтін шенділердің де жазасы жеңіл болмауы керек.

Мемлекет басшысы бизнестің аяғын аттап бастырмайтын бақылаушы мекемелерге жұмысын нақтылап берді. Құқық қорғау органдары алаяқтық, қаржы пирамидалары, бюджетті ұрлауға жол беретін нақты қылмыстарды ашумен айналысуға тиіс. Ал мемлекет жеке кәсіпкерлерді барынша қолдап, ел экономикасының аяққа тұруына мүмкіндік жасауы қажет.

«Осылайша ашық бәсекелестік алаңына нағыз бизнес субьектілері шығады», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент жауапкершілікті сезінетін, сыбайластыққа жол бермейтін адал бизнеске үлкен үміт артып отыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Еске саламын, 2019 жылғы Жолдауымда: «Бизнеске кедергі келтірудің кез келген әрекеті мемлекеттік қылмыс болып есептелуі керек» деп айтқан болатынмын. Қадағалаушы органдар азаматтардың мүддесін қозғайтын нақты қылмыстарды, оның ішінде алаяқтық, қаржы пирамидалары, бюджет қаражатын жымқыру сияқты экономикалық қылмыстарды ашуға және жолын кесуге назар аударуға міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде