Жайық жағалауында балық тонналап қырылған
Жайық жағалауында қырылған балық жайрап жатыр. Бұған дейін Атырау облысының әкімдігі балық аз қырылған деп ақпарат таратқан. Оны жергілікті тұрғындар жоққа шығарды. «Өзен жағасында өлген балықтан аяқ-алып жүру мүмкін емес», - дейді олар.
Автор: Жанат Молдашева
29.04.2022
Осыдан бірер күн бұрын жергілікті билік «бар-жоғы 60 келі балық қырылды» деген. Алайда шашылып жатқан балық атшаптырым аумақты алып жатыр.
Махамбет ауданындағы Жайықтың бір саласы. Су маржаны тонналап қырылған. Табан, қаракөз, мөңке сынды қара балықтар су ағысымен келіп, жыңғылдың арасына шашылып қалған. Жауапты органдар осы жерге жиналып тазартуға кіріскен. Балық шаруашылығы инспекциясындағылар: «Бұл қалыпты құбылыс, Кеңес кезінен бері осылай» - деп отыр.
Нұрлыбек Гайсин, Жайық-Каспий облысаралық бассейн-балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:
- Қырылған балықты өлшеп, тиісті органдарға жолдаймыз. Ары қарай өздері шешеді. Біз қазір құтқаруымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!