{metadescription}
Ақтөбеде Саздыға салынатын көпірге қатысты шу шықты
Ақтөбеде Саздыға салынатын көпірге қатысты шу шықты

Ақтөбеде Саздыға салынатын көпірге қатысты шу шықты

Ақтөбеде Сазды өзеніне салынатын көпірге қатысты шу шықты. Қос жағалаудағы тұрғындардың пікірі екіге жарылды. Бірі – көпір құрылысын қолдаса, екіншісі – қарсы.

Темірғали Сисенов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Жүрмейақ қойсын. Бізге басқа адам жүргені керек емес. Біз осы жерде тұрамыз. Көпір керек емес. Басқа жерге салсын. Көпір құрылысына қарсы шыққан тұрғындар тұратын ауданды ел арасында «Тенговка» деп атайды. Бұл жерде бай-бағлан әкім-қара, бұрынғы шенеуніктер тұрады.

Автокөлік көпірі салынса, зуәлім сарайларының жанынан көлік нөпірі арылмай, тынышымыз кетеді деп отыр. Кейбірі аумаққа көлікті шектеп өткізетін шлагбаум қоюды ұсынды.

Ал өзеннің екінші жағасында көпқабатты үйлер бар. Ондағылар арғы бетке қатынау қиын дейді. Жол сақшылары да көпір салынса, көшедегі кептеліс азаяр еді деп отыр.

Сазды өзенінде соңғы он жылда тоғыз бала суға кеткен. Полиция департаменті көпірге қатысты ұсынысты осыдан 12 жыл бұрын берген екен. Бірақ осы уақытқа дейін шешілер емес. 

Еркін Өтеген, Ақтөбе облысы ПД бөлім бастығы:

- Көптеген көлік кептелісі бар. Жаяу жүргіншілердің де өтуіне мүмкіндік беретін, жаяу және автомобиль көпірін салуға ұсыныс берілді. Жоба  он жыл бұрын жасалған. Белгісіз себептермен салынбай қалды. Осы жерде соңғы 10 жылда тоғыз адам суға кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде