{metadescription}
ШҚО-да таңбалы тастар тоналып жатыр
ШҚО-да таңбалы тастар тоналып жатыр

ШҚО-да таңбалы тастар тоналып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында таңбалы тастар тоналып жатыр. Қола, темір дәуіріне жататын тарихи жәдігерлер соңғы жылдары азая бастаған. Ашық аспан астында жатқан ескерткіштердің қолды болғанын жергілікті тұрғындар байқапты.

Серік Ақышев, Қайнар ауылының тұрғыны:

- Көңілге кірбің ұялатты. Мұндай айуандықты бірінші рет көріп тұрмын. Қопарып, көтеріп алып кеткен. Кранмен әкетті ме. арнайы құралмен келіп кесіп алды ма?

«Абыралының таңбалы тастары» деген атаумен тарихта қалған жәдігерлер бір жарым шақырым аумақты алып жатыр. Бұл туристер және тарих пен археологияға қызығатындардың жиі келетін орны. Бірақ түрлі аңдарның, шайқастардың бейнесі қашалған тастардың көбі тоналып кеткен.

Жұрт ол аумақты жергілікті әкімшілік қатаң бақылауға алса дейді. Атқамінерлер тарихи жәдігерлер ұрланбады дейді. Себебі: тау басына оны көтеретін жүк көлігі жете алмайды дейді. Ауыл әкімі төңірегін қоршап белгі қоюға қаржы тапшы деп ашығын айтты.

Ұлан Мұқажанов , Абыралы ауылының әкімі:

- Ауылдың бюджетінде оны қоршайтындай қаражат жоқ. Қоршағанда да дұрыстап тақтайшаларын қойып, үлкен қоршау жасау керек. Оны ойластыру қажет. Ғалымдар, тарихшылар және мәдинет басшыларымен бірлесіп дұрыстап істеу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.