Мектеп өртенгенде қалай қашып шығу керек?
Павлодарда төтенше жағдай қызметкерлері оқушыларға жалын шарпыған білім ошақтарынан қалай қашып шығу керегін үйретіп жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
29.04.2022
Оқу-жаттығу бекер өтіп жатқан жоқ. Бір айда қаладағы екі мектептен өрт шығып, мұғалімдер де, шәкірттер де абдырап қалған. Құтқарушылар төтенше жағдайда оқушыларға қалай әрекет етуді егжей-тегжей түсіндіруге тырысты.
Талап – шәкірттер мен мұғалімдерге ортақ. Небәрі үш минутта төтеншеліктердің жұмысына кедергі келтірмес үшін ғимаратты босатып беруге тиіс.
Павлодарда бұған дейін екі мектеп өртенген. Біріншісінде өрт оқулықтар сақталған кабинеттен тұтанса, екіншісінде физика кабинетіндегі электр сымының қысқа тұйықталуынан алау шыққан. Қазір екі жағдай бойынша тексеру жүргізіліп
Ринат Валишанов, Павлодар қаласы ТЖБ бастығы:
- Көп жағдайда білім ошақтары өзі өртке қарсы оқу-жаттығу жүргізеді. Бірақ біздің мамандар оған қатыса алмай қалады. Бұл жолы өзіміз бастамашы болып, төтенше жағдай кезінде қандай әрекет жасау керек, қауіпсіз жерге қашып шығу ережесін түсіндіріп өрсеттік. Бұл біздің мамандарға қажет тәжірибе.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!