Оқырманына он жылда жеткен туынды – «Ағаш адам»
Араға 10 жыл салып, оқырманға жол тартқан туынды. Алматыда танымал жазушы, журналист Мақсат Мәліктің «Ағаш адам» кітабының таныстырылымы өтті.
Автор: Асқарбек Қазанғап
29.04.2022
Осыған дейін «Жұмбақ кітабымен» талайдың таңдайын қақтырған қаламгердің әңгімелер жиынтығы басқалардан өзгерек. Алуан тағдырлы адам бейнесінің өзін тәрбилеу жолындағы әрекеттерін бір жерінде қиялдан туған оймен ұштастырса, енді бірде жануарды сөйлетіп, соның кейпіне еніп те кетеді.
«Абай» баспасынан жарық көрген кітаптың таралымы шектеулі болғанмен, Алматыдағы кітап дүкендерінен табуға болады. Аз сөйлеп, көп жазуды мақұл көретін Мақсат Мәліктің өзі бұл туындымен тоқтамай, келесі кітабын жазуға кіріспек.
Мақсат Мәлік, жазушы:
- Бұл кітапта дәстүрлі бағытта жазылған әңгімелер, хикаялар жоқ деуге де болады. Әу бастан әңгіме жазып бастаған кезде өзіме жақын дүние. Білмеймін енді, Құдайдың да өзі салған жолы ма , әйтеуір, сәл мистика, сәл фэнтези жанрындағы әңгімелер. Әрине, араға 10 жыл салып шыққан кітап, сондықтан да толқыныс бар
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!