{metadescription}
Ақтөбе: Интернатта мүгедек балаларды ұрып-соққан
Ақтөбе: Интернатта мүгедек балаларды ұрып-соққан

Ақтөбе: Интернатта мүгедек балаларды ұрып-соққан

Ақтөбеде мүгедек балаларға арналған интернат қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар науқас бүлдіршіндерді ұрып-соқты деп айыпталып отыр.

Андас Әбіл, Астана ауданы прокуратурасының прокуроры:

- Кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерге қатысты бірнеше рет ұрыпсоғу, басқа да зорлық-зомбылық анықталды. Аталмыш фактімен  аудандық прокуратурада ҚК 110бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұл әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазір 42 бала тәрбиеленіп жатыр. Барлығы ДЦП дертімен ауырады немесе ақыл-есі кем бөбектер. Көбінің ата-анасы жоқ. Мемлекет қарауындағы бұл балаларға күш көрсетілгені туралы жақында прокуратураға әлдекім арыз түсірген. Оның кім екенін тергеушілер айтпайды. Сол шағым негізінде интернаттағы бақылау камерасын қарап шыққан прокурорлар санитарлардың қылығынан шошынып отыр. Ал әлеуметтік қызмет орталығының директоры қарамағындағыларға шаң жуытар емес. «Ешкім науқас бүлдіршіндерге қол көтермеді» деп ақталды.  

Асылбек Мұхамбетқали, №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:

- Аайып тағып отыр, баланы ұрып жатыр деп. Ол жерде баланы жатқыза алмай жатыр. Кереметтей ұрып жатқанын көрген жоқпын. Балалар бізде психоневрологиялық балалар. Қол жұмсағанын байқаған жоқпын. Мен айыппен келісе алмаймын.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.