{metadescription}
Қазақстан Украинаға бітімгерлік күшін жібермейді
Қазақстан Украинаға бітімгерлік күшін жібермейді

Қазақстан Украинаға бітімгерлік күшін жібермейді

Қазақстан Украинаға бітімгерлік күшін жібермейді. Мұндай мәселені Үкімет қарастырып жатқан жоқ дейді қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов. Екі ел арасында бұл бағытта ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ.

«Әскери күшті бітімгер мақсатта қолданудың өз тәртібі бар», - дейді вице-министр.

Сұлтан Камалетдинов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Әскери күшті мемлекет шекарасынан тыс аумақта қолдану норматив актілермен бекітілген. Ал әскерилерді бітімгерлік операцияларда пайдалану тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясы негізінде ғана жүргізіледі. Одан кейін мемлекет басшысы парламентке ұсыныс жасайды. Парламент мақұлдаған жағдайда ғана әскерилерді бітімгер миссияға жібереді. Бірақ дәл қазір ондай мәселе қаралып жатқан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде